Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 23.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.01.2010 · қолданыстағы 47628_216672.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DP000095
- ЭКБ идентификаторы
- 47628
- Редакция идентификаторы
- 47628_216672
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:43
0 Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға қосымша әлеуметтік көмек туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын әр мүгедек балаларға (бұдан әрі - мүгедек балалар) қосымша әлеуметтік көмекті (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тоқсанына сол кездегі айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшері тағайындалып, төленуі қамтамасыз етілсін.
2
2. Әлеуметтік көмек туылған, асырап алынған және де он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларды өз қамқорлығына алған (толық мемлекет қамқорлығында болған мүгедек балалардан және әке-шешесі ата-аналық құқықтан айырылған мүгедек балалардан басқаларға) ата-анасының біреуіне, немесе олардың орнын басатын адамдарға отбасының табысына қарамай, облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссия берген анықтамада көрсетілген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу қажет деп табылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және үйде оқыту қажет деп табылған сәттен бастап бір оқу жылына тағайындалады деп белгіленсін.
3
3. "Панфилов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Азат Жапарұлы Жақыбай тұрғылықты жері бойынша ата-анасының біреуінің немесе олардың орнын басатын адамның әлеуметтік көмекті төлейтін мекемелердегі ашылған жеке шоттың нөмірі көрсетілген өтініші бойынша келесі құжаттарды ұсынған жағдайда бір жолғы әлеуметтік көмекті аудандық пошта байланыс торабы арқылы төленуін қамтамасыз етсін;