Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов образования, социального обеспечения и культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Қаулы · № 188 · қабылданған 04.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-47637/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов образования, социального обеспечения и культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки Күшін жойған Қаулы ·№ 188 ·04.08.2009
17.02.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов образования, социального обеспечения и культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки

Күшін жойған Қаулы ·№ 188 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов образования, социального обеспечения и культуры, работающих в аульной (сельской) местности, имеющих право на повышенные двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки
Атауы (қаз.)
Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
188
Қабылданған күні
04.08.2009
Көрсетілген редакция
17.02.2014 AI47637_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.02.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BF000103
ЭКБ идентификаторы
47637
Редакция идентификаторы
AI47637_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:36

0 Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес, «Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесін келісу туралы» Астрахан аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 4С-15-10 шешімінің негізінде, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік мөлшер-лемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесі, қосымшаға сәйкес, айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Қожахметке жүктелсін.

3 3. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Астрахан ауданы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Астрахан ауданының «Білім
бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Г. Шаяхметова
Астрахан ауданының «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Қ. Жұмақаев
Астрахан ауданының «Қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Ғ. Шонабаева
Астрахан ауданының «Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы Л. Аханова
Астрахан ауданының «Экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Жүсіпова

4 Астрахан ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 4 тамыздағы № 188
қаулысына қосымша
Аудан бюджеті қаражатынан қызмет ақыны және тарифтік
мөлшерлемені жиырма бес пайызға арттыруға құқығы бар ауылдық
жерде жұмыс істейтін білім, әлеуметтік қамтамасыз ету және
мәдениет бөлімдері мамандары лауазымдарының тізбесі

1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

1 1) меңгеруші, оның ішінде үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлім;

2 2) мамандар (бас,аға), оның ішінде күтім көрсетуші әлеуметтік жұмысшы.

2 2. Білім бөлімі мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары;

2 2) педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдары: барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, нұсқаушы, оқытушы-психолог;

3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: кітапханашы, жетекші, медициналық бике, әдіскер, үйірме жетекшісі.

3 3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

1 1) мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшысының орынбасары, бөлімшенің басшысы; клуб меңгеруші;

2 2) көркемөнерпаздар басшысы, үйірме жетекшісі, музыкалық басшысы;

3 3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: библиограф, сүйемелдеуші кітапханашы, нұсқаушы, әдіскер.

Қолданыстағы