Елді мекендерге көше атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабына сәйкес және Айшуақ ауылдық округі Бегімбет және Есет ауылдары халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Елді мекендерге көше атауын беру туралы от 11.08.2009 г. № 10 (Елді мекендерге көше атауын беру туралы)
1. Айшуақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Бегімбет ауылының көшелеріне атау берілсін:
1) Есет Көтібарұлы көшесі,
2) Т. Бәсенов көшесі,
3) І. Үргенішбаев көшесі,
4) Желтоқсан көшесі,
5) Жанықұл Сарнияз көшесі,
6) Әйтеке би көшесі,
7) Аманбаев Қозыкөрпеш көшесі,
8) Ж. Жабаев көшесі,
9) С. Сейфуллин көшесі,
10) Абай көшесі,
11) Сағидулла Қарағұлов көшесі,
12) Молдағұлова көшесі,
13) Айдос Мұратұлы көшесі,
14) Амангелді көшесі,
15) Қарағұл батыр көшесі,
16) Жангелдин көшесі,
17) Қошабай би көшесі,
18) Нияз би көшесі,
19) Ә. Алдашұлы көшесі
2. Айшуақ ауылдық округі халкының пікірін ескере отырып, Есет ауылы елді мекенінің көшесіне атау берілсін:
1) Ордақонған көшесі.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.