Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил осуществления контроля и надзора уполномоченным государственным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства за деятельностью местных исполнительных органов в сфере архитектурной, градостроительной и строительной деятельности
- Атауы (қаз.)
- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1415
- Қабылданған күні
- 21.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2015 AI47895_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001415_
- ЭКБ идентификаторы
- 47895
- Редакция идентификаторы
- AI47895_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:23
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 1415 қаулысымен
бекітілген
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленген.
2
2. Осы Қағидалар сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – жергілікті орган) қызметіне сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
3 3. Уәкілетті орган жергілікті жерге барып, тексеру жүргізу жолымен (бұдан әрі - тексерулер) жергілікті органдардың қызметіне бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.
4
4. Тексеруді жүзеге асырудың мақсаты жергілікті органдардың, оның ішінде қала құрылысы тәртібі мен регламенттерін, жобаларға сараптама жүргізу тәртібін, құрылысқа рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын, сондай-ақ салынған объектілерді пайдалануға қабылдау қағидаларын сақтау бөлігінде қызметін бақылау мен қадағалау болып табылды.
2 2. Тексерулер жүргізу түрлері және тәртібі
5 5. Тексерулердің түрлері:
1 1) жоспарлы тексеру - уәкілетті орган тәуекелдерді бағалау жүйесіне сәйкес және алдыңғы тексерулерге қатысты белгіленген уақыт аралықтарын ескере отырып бекіткен тексерулердің жоспары негізінде жергілікті органға қатысты уәкілетті орган тағайындайтын тексеру;
2 2) жоспардан тыс тексеру - адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей төнген қатерді жою мақсатында жергілікті органға қатысты уәкілетті орган тағайындайтын тексеру.
6 6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген уәкілетті органның тексеруді тағайындау туралы актісі (бұдан әрі - акт) тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.
7 7. Актіде:
1 1) актінің нөмірі мен күні;
2 2) уәкілетті органның атауы;
3 3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы;
4 4) тексерулер жүргізуге тартылған мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;
5 5) жергілікті органның атауы және орналасқан жері, оның басшысының тегі, аты, әкесінің аты;
6 6) тағайындалған тексерудің мәні;
7 7) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген тексерілетін субъектінің құқықтары мен міндеттері;
8 8) тексеру жүргізу мерзімі;
9 9) тексеру жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер;
10 10) тексерілетін кезең;
11 11) актіге қол қоюға уәкілетті адамның қолы және уәкілетті органның мөрі көрсетіледі.
8 8. Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан ақпарат және өтініштер алу жергілікті органдарды жоспардан тыс тексеру үшін негіз болып табылады.
9 9. Тексерулерді жүргізу мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
10 10. Жергілікті органға акт берілген сәттен бастап тексеруді жүргізу басталды деп есептеледі.
11 11. Уәкілетті орган тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жоспарлы тексерудің басталғаны туралы жергілікті органды жазбаша түрде хабардар етеді.
Жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган тексеру жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталатыны туралы жергілікті органды хабардар етеді.
12 12. Жергілікті органдарды тексерулердің нәтижелері бойынша тексерулердің нәтижелері туралы акт ресімделеді.
13 13. Жергілікті органға тексерулердің нәтижелері туралы акт берілген күні тексерудің аяқталуы болып табылады.
14
14. Өзге де бақылау мен қадағалау түрлерін жүргізу арқылы бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.