Құжат мәтініне өту

Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қаулы · № 239 · қабылданған 26.08.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.05.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-47920/?version=47920_182458.kaz
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 239 ·26.08.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

ҚАЗХалықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 239 · қабылданған 26.08.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
239
Қабылданған күні
26.08.2009
Көрсетілген редакция
11.05.2010 · қолданыстағы 47920_182458.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
11.05.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09TE000113
ЭКБ идентификаторы
47920
Редакция идентификаторы
47920_182458
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:30

0 Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы N 264 "Мемлекеттік басшының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңарту мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған іс-қимыл жоспарының (Жол картасы) 1 тармағының 1.5 тармақшасына, Атырау облысы әкімиятының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 137 "Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ауылдық, селолық округ әкімдері халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға бөлінген қаражатты толық игеруді қамтамасыз етсін.

2 2. Халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде мыналар:

1 1) аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, олардың шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен ішінара өтеу арқылы олардың еңбегіне ақы төлеу жөнінде шарттар жасасады;

2 2) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мақсатында ауылдық, селолық округ әкімдері әлеуметтік жұмыс орындары құрылатын ұйымдардың тізбесін айқындайды;

3 3) нысаналы топтарға кіретін тұлғаларды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамасы бойынша жүзеге асырылады;

4 4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мерзімі жұмыс беруші мен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлға арасында жасалатын еңбек шартында белгіленеді, алайда ол алты айдан аспауы тиіс;

5 5) жергілікті бюджеттен әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған тұлғаға орташа айлық аударымдарының мөлшері 15 000 теңгеге тең;6) жұмыс берушілердің есеп айырысу шоттарына бюджет қаражатын аударуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүргізеді;

7 7) әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған тұлғаның еңбегіне ақы төлеуді жұмыс беруші ай сайын еңбек шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады деп белгіленсін.

3 3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 маусымынан бастап туындаған қатынастарға таралады.