Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1320
- Қабылданған күні
- 28.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2012 · қолданыстағы AI47969_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VN000091
- ЭКБ идентификаторы
- 47969
- Редакция идентификаторы
- AI47969_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:29
0 Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі нұсқаулықтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты
жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 7 бабының 5-4) тармағына, 18-1, 19 баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасының, 37 бабының 8 тармағының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
жөніндегі нұсқаулығы бекітілсін (1 қосымша).
2 2. Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің нұсқаулығы бекітілсін (2 қосымша).
3 3. «Халықтың нысаналы топтарын жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі ережелері туралы» 2008 жылғы 14 сәуірдегі № 670 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 26
сәуір 2008 жылы № 5-14-66 болып тіркелген, 2008 жылы 17 мамырда аудандық «Рауан» газетінің 20 нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.
5 5. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығы 1. Жалпы қағидалар
Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1320 қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру
нұсқаулығы 1. Жалпы қағидалар
1 1. Нұсқаулық халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруды белгілейді, негізгі жағдайларды реттейді және әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын мекемелермен есеп жүйесін реттейді.
2 2. Нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7, 18-1 баптарына сәйкес әзірленді.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу және ұйымдастыру
3
3. Әлеуметтік жұмыс орнын құруды Күршім аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліммен (бұдан әрі «Бөлім») келісім шарт негізінде жұмыс беруші жүзеге асырады. Келісім шартта жақтардың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, еңбек ақы төлемінің мөлшері мен шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру мерзімі мен көздері көрсетіледі. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушілердің өз қаражатымен төленіп, ал оның жартылай еңбек ақысы аудандық бюджет есебінен толықтырылады.
4 4. Жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілердің хаттай келісімі бойынша мекемелердің (ұйымдардың) тізбесін және оған нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін ашылатын әлеуметтік жұмыс орындарының санын белгілейді.
5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нысаналы топтан шыққан жұмыссыздарға таңдау жүргізеді.
6 6. Жұмыс беруші жұмыссыздарды «Әлеуметтік жұмыс орындарына» «Бөлімнің» жолдамасы бойынша жұмысқа орналастырады, жолдаманың үзінді талонын толтырады және оны жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайына жібереді.
7 7. Жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына алғанда жұмыс беруші онымен Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыспен қамту орталығымен аталған мерзімге еңбек шартын жасайды.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен жағдайы
8 8. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыссыздардың еңбек төлемі ай сайын жеке еңбек келісім шартына сәйкес жұмыс берушінің өз қаражатынан жүзеге асады және еңбек ақы төлемі орындайтын жұмыстың көлеміне, сапасына және қиындығына байланысты.
9 9. Жұмыс берушілердің төлейтін еңбек ақысы әлеуметтік жұмысқа орналасқан жұмыссызға жартылай аудан бюджеті қаражатынан 0,5-тен 1,0-ге дейін ең төмен еңбек ақы мөлшерінен мерзімі 6 айдан аспайтын жұмыс берушінің «Бөлімге» берген істеген жұмыс күндері жөніндегі анықтамаға сәйкес төленеді.
Жұмыссыздардың еңбек төлемі бойынша дотацияны жұмыспен қамту жөнінде уәкілетті органдар жұмыспен қамту бағдарламасы есебінен жұмыс берушілердің есеп шотына жібереді.
10 10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың аудан бюджетінен төленетін еңбек төлеміне заңнамаға сәйкес салық салынады.
11 11. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топқа жататын жұмыссыздардың еңбек ақысы нақтылы орындалған жұмысына, оның көлеміне қарай төленеді.
12 12. Мекеменің есеп шотына аудан бюджетінен түскен жұмыссыздардың еңбек ақысын мақсатты пайдалануға жұмыс беруші жауапкершілікті.
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыруына бақылау жасау
13 13. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру нұсқаулығын сақтауға бақылауды ағымдағы заңнама талаптарына сәйкес «Бөлім» жүзеге асырады.
23 Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің нұсқаулығы
Күршім ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 28 тамыздағы
№ 1320 қаулысына 2 қосымша
Кәсіби оқытуға жіберілген жұмыссыз және нысаналы топтан
жұмыспен қамтылмаған азаматтардың жол жүру, тамақтану, тұру
және медициналық куәландыру шығындарын өтеудің
нұсқаулығы
Нұсқаулық «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері туралы» № 836 қаулысымен бекітілген жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережелеріне және өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес әзірленді.