Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
- Атауы (қаз.)
- Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 252
- Қабылданған күні
- 15.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 21.05.2012 · қолданыстағы 47974_182469.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TE000114
- ЭКБ идентификаторы
- 47974
- Редакция идентификаторы
- 47974_182469
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:24
0 Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын орындау мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. N 1 қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілетін мекемелердің тізімі, N 2 қосымшаға сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстың түрлері бекітілсін.
2 2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бекітілген тізбеге сәйкес ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.
3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек ақысы жалақының ең төменгі мөлшерінде бекітілсін.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі жұмыспен қамту бағдарламасын жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 14 шілдедегі N 200 "Қызылқоға ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы" қаулысы жойылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Шаяхметовке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 14 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.
8 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қыркүйектегі
N 252 қаулысына 1 қосымша
Қызылқоға ауданы бойынша 2009 жылға жұмыссыздарды қоғамдық
жұмысқа тартуды ұйымдастыратын мекемелер тізімі
Р/с
Мекемелердің атауы
Тұрғылықты жері
1
Миялы селолық округі әкімі аппараты
Миялы с/округі
2
Мұқыр селолық округі әкімі аппараты
Мұқыр с/округі
3
Сағыз селолық округі әкімі аппараты
Сағыз с/округі
4
Жангелдин ауылдық округі әкімі аппараты
Жангелдин а/округі
5
Ойыл ауылдық округі әкімі аппараты
Ойыл а/кругі
6
Көздіғара ауылдық округі әкімі аппараты
Көздіғара а/округі
7
Тасшағыл ауылдық округі әкімі аппараты
Тасшағыл а/округі
8
Жамбыл ауылдық округі әкімі аппараты
Жамбыл а/округі
9
Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппараты
Қызылқоға а/округі
10
Тайсойған ауылдық округі әкімі аппараты
Тайсойған а/округі
11
Аудан әкімі аппараты
Миялы с/округі
12
Аудандық ЖҚ ж ӘББ
Миялы с/округі
9 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 15 қыркүйектегі
N 252 қаулысына 2 қосымша
Р/С
Жұмыстың түрлері
Жұмыссыздардың еңбекақысының есептік көрсеткіші
1
Аймақтарды экологиялық сауықтыру
(көгалданыру және көркейту, баптау)
1,0
2
Ауылдық, селолық елді мекендердегі
тазалық жұмыстарына көмектесу
1,0
3
Суару жұмыстары, жас ағаш, көшеттерді
суару
1,0
4
Аудан бойынша аймақтық жұмыстарға қатысу
1,0
5
Денсаулығына байланысты есепте тұрған
азаматтарға, әсіресе жалғыз басты қарт
адамдарға қызмет көрсету
1,0
6
Мал азығын дайындайтын аймақтарды қорғау
жұмыстары
1,0
7
Қоғамдық полиция көмекшісі
1,0
8
Көше шамдарын өшіріп, қосушы
1,0
9
Мал тұқымын асылдандыру бағытындағы
жұмыс
1,0
10
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша жұмыссыз
жастарды жұмысқа тарту
1,0
11
Әскери комиссариатта санақ жұмыстарына
көмек
1,0