О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1521
- Қабылданған күні
- 02.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2015 AI48023_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090001521_
- ЭКБ идентификаторы
- 48023
- Редакция идентификаторы
- AI48023_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:19
0 "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
"Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-ға тиесілі Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызын құрайтын қарапайым акцияларының саны 46553 (қырық алты мың бес жүз елу үш) акциялар пакетін республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысымен келісілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;
мүлікті иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1 1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-34-жолмен толықтырылсын:
"237-34. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ";