Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"

Қаулы · № 1521 · қабылданған 02.10.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48023/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство" Қолданыста Қаулы ·№ 1521 ·02.10.2009
28.08.2015 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"

Қолданыста Қаулы ·№ 1521 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах акционерного общества "Казахстанское контрактное агентство"
Атауы (қаз.)
"Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1521
Қабылданған күні
02.10.2009
Көрсетілген редакция
28.08.2015 AI48023_4.kaz
Соңғы өзгеріс
28.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001521_
ЭКБ идентификаторы
48023
Редакция идентификаторы
AI48023_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:19

0 "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

"Мүлікті жеке меншіктен мемлекеттік меншікке ерікті және өтеусіз беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1371 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ) "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) "ҚазМұнайГаз" ҰҚ" АҚ-ға тиесілі Қоғамның орналастырылған акцияларының жалпы санының 50 (елу) пайызын құрайтын қарапайым акцияларының саны 46553 (қырық алты мың бес жүз елу үш) акциялар пакетін республикалық меншікке өтеусіз беру туралы ұсынысымен келісілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының 1-тармағын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

мүлікті иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-34-жолмен толықтырылсын:
"237-34. "Қазақстандық келісім-шарт агенттігі" АҚ";

2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;

3) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы