Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного коммунального жилищного фонда города Алматы

Ереже · № 347 · қабылданған 05.06.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48043/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного коммунального жилищного фонда города Алматы Күшін жойған Ереже ·№ 347 ·05.06.2007
07.12.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного коммунального жилищного фонда города Алматы

Күшін жойған Ереже ·№ 347 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил приватизации жилищ из государственного коммунального жилищного фонда города Алматы
Атауы (қаз.)
Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
347
Қабылданған күні
05.06.2007
Көрсетілген редакция
07.12.2011 48043_172179.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07R000824_
ЭКБ идентификаторы
48043
Редакция идентификаторы
48043_172179
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:33

0 Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13 бабының 1 тармағына және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы № 66 Қаулысының 9 тармағына сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қосымшаға сәйкес Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С.Сманқұловқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім Алматы қаласы әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 ІІІ сайланған Алматы қаласы

мәслихаты ХХХ сессиясының
2007 жылғы 5 маусымдағы
№ 347 шешіміне қосымша
Алматы қаласы әкімінің мемлекеттік коммуналдық
тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру
ЕРЕЖЕСІ

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендіру Ережесі (әрі қарай мәтін бойынша – «Ереже») Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының (әрі қарай мәтін бойынша – «коммуналдық тұрғын үй қоры») үйлерінен тұрып жатқан тұрғын үйлерді немесе тұрғын үй-жайларды жалдаушының меншігіне жекешелендіру (сатып алу немесе тегін беру) арқылы алу үшін қолданылады.

2 2. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды меншігіне тегін алу құқығына ие азаматтар:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
1 және 2 топтағы мүгедектер (мүгедектігі заңға қайшы келетін әрекеттерден болған азаматтардан басқалары);
Чернобыль АЭС-і аймағында апат салдарын жоюға қатысушылар;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тізімге сәйкес ВТЭК қорытындысы бойынша Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери ядролық нысандарда радиациялық сәуле алу әсерінен денсаулық жағдайы төмендеген;
Интернационалист-жауынгерлер.

3

3. Тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған азаматтардың меншік құқығын рәсімдеу тәртібі туралы» 1992 жылғы 3 ақпандағы № 87 қаулысына сәйкес үлгі бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушылармен Алматы қаласының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарты жасалады.

4 4. Тұрғын үй-жайларды жекешелендіру барлық бірге тұрақты тұратын кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша жасалады.

5 5. Жекешелендірілген тұрғын үй-жай жалға алушының және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде уақытша тұрмайтындарының да, егер олардың арасында шарт бойынша өзгеше ештеңе көзделмесе, ортақ меншігіне көшеді.

6 6. Осы Ереженің шарттарында көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы заңнамасын басшылыққа алу қажет.

2 2. Жекешелендіру тәртібі

7

7. Тұрғын үйдің құны бар жеңілдіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу конкурсындағы тұрғын үйді алуға (құрылысына) шығындалған құнымен анықталады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша алынбаған тұрғын үйлердің құны жеке тұлғалардың салық салынатын нысандарының құнын анықтауға арналған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

8 8. Пәтер (тұрғын үй) құнын 10 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын адамдар:

1 1) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;

2 2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;

3 3) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;

4 4) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;

5 5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма жасқа жетпеген жетім балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;

6 6) репатрианттар;

7 7) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;

8 8) көп балалы отбасылар;

9 9) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

10 10) толық емес отбасылар.

9 9. Мемлекеттік қызметте 3 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 3 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.

10 10. Мемлекеттік қызметте 5 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме, ұйым және мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын кәсіпорындар қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 5 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.

11 11. Мемлекеттік қызметте 10 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 7 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.

12 12. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 10 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.

13 13. Азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрғын үйді осы Ережені пайдалана отырып тегін алуға немесе сатып алуға бір рет қана құқылы.

Қолданыстағы