Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении дополнений к Правилам приема в Академию налоговой полиции Министерства государственных доходов

Бұйрық · № 138 · қабылданған 02.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4805/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении дополнений к Правилам приема в Академию налоговой полиции Министерства государственных доходов Күшін жойған 24.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении дополнений к Правилам приема в Академию налоговой полиции Министерства государственных доходов

Күшін жойған Бұйрық № 138 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении дополнений к Правилам приема в Академию налоговой полиции Министерства государственных доходов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы Академиясының қабылдау Ережесіне толықтыруларды бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
138
Қабылданған күні
02.12.1999
Көрсетілген редакция
24.05.2000 AI4805_1.kaz
Соңғы өзгеріс
24.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990000996_
ЭКБ идентификаторы
4805
Редакция идентификаторы
AI4805_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы Академиясының қабылдау Ережесіне толықтыруларды бекіту туралы

Салық полициясы Академиясының білім беру іс-әрекетін кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңына Z990389_ сәйкес
Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Комитеті төрағасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Комитетінің Академиясына қабылдау Ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қыркүйектегі N 90 V990911_ бұйрығына төмендегідей толықтырулар енгізу:
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы Академиясына қабылдау Ережесіне:
1-тармақты төмендегідей мазмұнды абзацпен толықтыру:
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс Министрлігінің салық полициясы академиясының сырттай оқу бөліміне ақылы негізде, толық мерзімді орта немесе арнайы орта білімі бар және Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе қысқартымды мерзімді жоғары кәсіпқой білім бар Қазақстан Республикасының азаматтары қабылдана алады. Көрсетілген категориялардың оқу ісінің жұмысын дайындау Академияда жүргізіледі. Оқуға түсушілер мынандай құжаттарды өткізеді: өтініш, 086-У формалы дәрігерлік анықтама, Академияның қабылдау комиссиясы куәландырған білімі жөніндегі құжаттың көшірмесі, 3х4 көлемді үш фотосуреті. Құжаттарды қабылдау оқуға түсушінің жеке куәлігінің негізінде іске асырылады".
8 тармақты төмендегідей мазмұнды абзацпен толықтыру:
"Сырттай оқу бөліміне салық полициясы Комитетінің қызметкерлері тарапынан келген, сонымен бірге Академияның мамандықтарына сай арнайы орта немесе жоғары кәсіпқой білімі бар басқа да азаматтар арнайы әңгімелесудің нәтижесінде қабылданады."

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Салық

полициясы Академиясына қабылдау туралы Ережесінде бекітілген толықтыруларға қатысты Салық полициясы Академиясының бастығы оқуға
түсушілерді қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың іске асырылуын бақылау салық полициясы Академиясының бастығына (Қоғамов М.Ч.) жүктелсін.