Об утверждении ставки арендной платы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении ставки арендной платы
- Атауы (қаз.)
- Жалдау ақысының ставкаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24/02
- Қабылданған күні
- 24.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2011 48050_181331.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KF000088
- ЭКБ идентификаторы
- 48050
- Редакция идентификаторы
- 48050_181331
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:22
0 Жалдау ақысының ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 2 тамыздағы "Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын-үй құрылысының бағдарламасы туралы" N 383 Жарғысын жүзеге асыру мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысының ставкалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 24 қыркүйектегі
N 24/02 қаулысына қосымша
Сәтбаев қаласы бойынша мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысының есептемелері
Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын 1 айлық жалдау ақысының мөлшері келесі формуламен есептеледі (индустрия және сауда Министрінің 2008 жылғы 30 қыркүйектегі N 395 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысын есептеулер әдістемесі"):
А = Ц\Т\12
яғни:
А – 1 айда 1 шаршы метрден түсетін теңге мөлшеріндегі мемлекеттік жалға берілетін тұрғын үйлерден алынатын жалдау ақысы;
Ц = 55732,1 теңге – тұрғын үйдің жалпы аумағының бір шаршы метрінің құрылысының құны;
Т = 100 жыл – "Коммуналдық және әлеуметтік-мәдениет мақсатындағы объектілер мен тұрғын үй ғимараттарын қайта құру, күрделі және ағымдағы жөндеу" ҚР 1,04-26-2004 ҚН-на 7 қосымшаға сәйкес ғимараттың қызмет ету жылының мерзімі.
201505 "Коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорынан үйлерді жалдаудан түсетін кірістер" коды бойынша жергілікті бюджетке 1 шаршы метрден түсетін 1 айлық кіріс сомасы:
А = 55732,1\100\12 = бір айға 1 шаршы метірге 46,44 теңге.