О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые постановления Правления Национального Банка Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 85
- Қабылданған күні
- 24.08.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2017 AI48070_14.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005806_
- ЭКБ идентификаторы
- 48070
- Редакция идентификаторы
- AI48070_14
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:30
0 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1 1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне жіберсін.
4
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Төлем жүйелері департаментінен жариялауға өтінімді алғаннан кейін үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға шаралар қабылдасын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
8 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2009 жылғы 24 тамыздағы
N 85 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулыларының тізбесі