Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
ҚАЗАуылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-3
- Қабылданған күні
- 24.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2012 · қолданыстағы AI48077_3.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LF000127
- ЭКБ идентификаторы
- 48077
- Редакция идентификаторы
- AI48077_3
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:22
0
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын басшылыққа ала отырып, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабының 3-тармағына және 18 бабының 5-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығы бекітілсін.
2 Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығы
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XХ-сессиясының төрағасы Б. АМИТОВ
Аудандық мәслихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-3
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтеу үшін өтемақы төлеу Нұсқаулығы
1 1. Жалпы ереже
1
1. Осы Нұсқаулық жергілікті өкілді органның шешімі бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алуға жұмсалатын шығынды өтейтін өтемақының төленуін реттейді.
2
2. Нұсқаулықты қабылдаудың құқықтық негізі "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексі, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңдары болып табылады.
2 2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
3
3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы ұйымдастырылады.
3 3. Отын сатып алу үшін өтемақы төлеу тәртібі
4 4. Өтемақы төлемі жылына бір рет ақшалай түрде ұсынылады.
5 5. Отын сатып алу өтемақысына үміткер "Жалағаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды ұсынады:
1 1) өтініш;
2 2) жеке куәліктің көшірмесі;
3 3) тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (үй кітабы) көшірмесі;
4 4) СТН (салық төлеушінің нөмірі) көшірмесі;
5 5) жұмыс орнынан анықтама.
4 4. Өтемақы төлемін қаржыландыру
6
6. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт ұйымдарының мамандарына және ауылдық жерде жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру мамандарына отын сатып алу үшін өтемақы төлеу шығындарын қаржыландыру "Ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсету" 451-004 бюджеттік бағдарламасы бойынша аудан бюджетінен бөлінеді.