Құжат мәтініне өту

Об определении основных условий бюджетного кредитования по программе "Кредитование дочерних организаций акционерного общества Национального управляющего холдинга "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения"

Қаулы · № 322 · қабылданған 03.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48097/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об определении основных условий бюджетного кредитования по программе "Кредитование дочерних организаций акционерного общества Национального управляющего холдинга "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения" Күшін жойған Қаулы ·№ 322 ·03.09.2009
23.09.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении основных условий бюджетного кредитования по программе "Кредитование дочерних организаций акционерного общества Национального управляющего холдинга "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения"

Күшін жойған Қаулы ·№ 322 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении основных условий бюджетного кредитования по программе "Кредитование дочерних организаций акционерного общества Национального управляющего холдинга "КазАгро" для финансирования малого и среднего бизнеса и микрокредитования сельского населения"
Атауы (қаз.)
"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
322
Қабылданған күні
03.09.2009
Көрсетілген редакция
23.09.2016 48097_113230.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09N0003694
ЭКБ идентификаторы
48097
Редакция идентификаторы
48097_113230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:28

0 "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 175, 180-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет қөрсету ережесінің 605-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен "Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін "КазАгро" Ұлттық басқару холдингі акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит берудің негізгі талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. "Қостанай облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (ММ) "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ бірлесіп:

1 1) "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамының Қостанай филиалымен қарызгердің барлық есептерін акцепсіз шығынға жазу құқығымен шарт бойынша міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету талаптарына кредиттік шарт (келісім) жасасын;

2 2) кредиттік шарттарды (келісімдерді) тіркеуді, есепті, мониторингті және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

3 3. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі – Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы кредиттік шарттардың (келісімдердің) орындалуын бақылауды, бюджеттік кредитті облыстық бюджетке қайтаруды қамтамасыз етсін.

4 4.

алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 2010.07.07
№ 250
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-тармақтан
қараңыз) қаулысымен.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Ауыл шаруашылығын қаржылық
қолдау қоры" акционерлік қоғамы
Қостанай филиалының директоры
______________ М. Сұлтанғазин
2009.09.03

8 Әкімдіктің

2009 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 322 қаулысына қосымша
"Шағын және орта бизнесті қаржыландыру
және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін
"КазАгро" Ұлттық басқару холдингі" акционерлік
қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша бюджеттік кредитберудің
негізгі талаптары

1 1. Мақсаты – шағын және орта бизнеске басым бағыттар бойынша кредит беру.

2 2. Бюджеттік кредит беруге қатысушылар мыналар болып табылады:

кредитор – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес кредит беретін тарап – Қостанай облысының әкімдігі;
бағдарлама әкімшісі – "Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы";
қарызгер – негізгі қарызды өтеу және сыйақыны, сондай-ақ кредиттік шартқа сәйкес өзге де төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме алатын кредиттік шарттың кредит алушы тарабы – "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамы;
түпкі қарызгер – Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (шағын және орта бизнес субъектілері), осы қаулымен белгіленген талаптарда "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамымен берілетін бюджеттік кредит алушы.
Сенім жүктелген өкіл (агент) - тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенімгердің) атынан және оның есебінен және оның нұсқауларына сәйкес бюджеттік кредит беруге байланысты белгілі бір тапсырмаларды жасайтын тұлға.

3 3. Түпкі қарызгер қызметтерінің негізгі бағыттары және бюджеттік кредиттеуге жататын инвестициялық жобалар:

мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту;
қайта өңдеу өнеркәсібі;
ауылдық жердегі халыққа қызмет көрсету;

4 4. Бюджеттік кредит Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен беріледі.

5 5. Кредиттің мөлшері:

бюджеттік кредит қарызгерге Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының тиісті шешімімен көзделген сома шегінде беріледі – 50 (елу) миллион теңге;
бюджеттік кредит қарызгерге тиісті қаржы жылына қарастырылған және Қостанай облыстық мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген сомасы шегінде беріледі.

6 6. Бюджеттік кредит беру мерзімі:

кредит берудің шекті мерзімі – 5 жылға дейін;
бюджеттік кредит мерзімі бюджеттік кредит қаражатының бағдарлама әкімшісінің есепшотынан аударылған сәттен басталады.

7 7. Кредитті игеру кезеңі – ақша қаражаттарды алу күнінен бастап 4 ай.

8 8. Қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредит берудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылдық 1 пайыздан аспауы қажет.

Түпкі қарызгерге сыйақы мөлшерлемесі кредит берудің тіркелген тұтас мерзіміне белгіленеді және жылдық 10,5 пайыздан аспауы қажет.

9 9. Кредиттік шартта жеңілдік кезеңін беру көзделуі мүмкін, яғни қарызгер кредитті қайтаруды жүзеге асырмайтын мерзім ішінде бюджеттік кредит мерзімі құрамына кіретін уақыт кезеңі. Жеңілдік мерзімінің ұзақтығы бюджеттік кредит мерзімінің ұзақтығының үштен бірінен аспауы қажет.

Қолданыстағы