Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
ҚАЗСартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 887
- Қабылданған күні
- 22.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2010 · қолданыстағы AI48106_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VK000103
- ЭКБ идентификаторы
- 48106
- Редакция идентификаторы
- AI48106_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:22
0 Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылының тұрғындарының қой-ешкі малдарынан бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Сартерек ауылдық округі Көгедай ауылы, Біржан ауылдық округі Біржан ауылы тұрғындарының қой-ешкі малдарына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Аурудың алдын алу және ошағын жою үшін ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру Зайсан аудандық мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторы С. Қожекеновке (келісім бойынша) ұсынылсын.
3 3. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бастығы М. Уәлиге:
1 1) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастырсын;
2 2) жануарлардың және адамның денсаулығына қауып төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою және жою не оларды алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеуді ұйымдастырсын;
3 3) алып қойылатын және жойылатын ауру жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу тапсырылсын.
4 4. Сартерек, Біржан, ауылдық округтерінің әкімдері мал жаятын орындарды айқындап, елді мекен аумақтарына санитарлық тазалауды ұйымдастырсын.
5
5. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық министірлігінің агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Зайсан аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Қ. Молдахановқа (келісім бойынша) індет ошағындағы мал иелерімен, мүдделі мекемелермен бірлесіп бруцеллез ауруына қарсы ұйымдастыру шараларын, ветеринариялық жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын, аудандық ауыл шаруашылық бөліміне, Сартерек, Біржан ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырылсын.
6 6. Сартерек, Біржан ауылдық округтерінің әкімдеріне індетке шалдыққан малдарды жоюға арналған орындарды дайындау міндеттелсін.
7 7. Зайсан ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы А. Қомшабаеваға (келісім бойынша) індет ошағындағы адамдарды дәрігерлік тексеруден өткізуді, аурудың алдын алу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
8
8. Шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа қой-ешкі малдары мен қой-ешкі малдары өнімдерін, шикізаттарын аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың рұқсатынсыз шығаруға, алып келуге тиым салынсын, аталған шараларды атқаруға тиісті көмек көрсету аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Н. Түгеловке (келісім бойынша) ұсынылсын, Сартерек, Біржан ауылдық округтерінің әкімдеріне тапсырылсын.