Об утверждении Инструкции по предоставлению жилых помещений в общежитии Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по предоставлению жилых помещений в общежитии Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-01-02/160
- Қабылданған күні
- 18.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.12.2024 48122_737623.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005814_
- ЭКБ идентификаторы
- 48122
- Редакция идентификаторы
- 48122_737623
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:23
0 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Орталық мемлекеттік органдардың тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерін жатақханадан тұрғын жайлармен қамтамасыз ету мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (А.Ш. Хайдаров) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамамен белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 18 қыркүйектегі
N 02-01-02/160 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан тұрғын жайларды беру жөніндегі нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулықта "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңының 112-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы N 454 қаулысымен бекітілген Жатақханаларды пайдалану ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасынан (бұдан әрі - жатақхана) тұрғын жайларды беру мәселелері реттелген.
2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жатақханасы мемлекеттік органдардың орталық аппаратының тұрғын үйге мұқтаж жас мамандарының (бұдан әрі – мекен етуші адам) тұруына арналады.
3 3. Жатақхана Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) қарауында болады. Жатақханаға қызмет көрсету мен оны пайдалануды Агенттік белгілейтін тиісті ұйым (бұдан әрі – Пайдаланушы ұйым) жүзеге асырады.
4 4. Жатақханадан тұрғын жайларды беру және босату Агенттіктің тиісті бұйрығымен рәсімделеді.
5 5. Агенттік жатақхананы пайдалануды жүзеге асыратын Пайдаланушы ұйымның қызметкерлерін орналастыру үшін қызметтік алаң бөледі.
2 2. Тұрғын жайларды беру және жабдықтарды пайдалану
6
6. Жатақханадан тұрғын жайларды беру мемлекеттік органдар ұсынған тұрғын үйге мұқтаж адамдар тізімдерінің негізінде жүргізіледі және Агенттіктің тиісті бұйрығымен ресімделеді. Осы бұйрықтың негізінде Пайдаланушы ұйым әрбір мекен етуші адаммен, жатақханадан орын берілетін мерзімді көрсете отырып, тұрғын жайды жалға алу (жалдау) шартын жасайды.