Құжат мәтініне өту

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Қаулы · № 161 · қабылданған 15.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48126/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования Күшін жойған Қаулы ·№ 161 ·15.09.2009
23.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 161 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации дополнительных мер по социальной защите молодежи - выпускников учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования
Атауы (қаз.)
Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
161
Қабылданған күні
15.09.2009
Көрсетілген редакция
23.10.2013 AI48126_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PD000065
ЭКБ идентификаторы
48126
Редакция идентификаторы
AI48126_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:24

0 Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін - жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 - тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабына 5 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабы 2, 11 тармақтарына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жастар практикасына жұмысқа орналастыру бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектерін жастарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ретінде анықталсын.

2

2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Уәкілетті орган) еңбек рыногында қалыптасқан жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын еске ала отырып Жастар практикасына жіберу үшін бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарын бітірген (бұдан әрі – Кәсіби оқу орны) жұмыссыздардың санын анықтасын.

3

3. Жастар практикасы жеке меншік нысанына қарамастан, ауданның кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (бұдан әрі – Жұмыс беруші) ұйымдастырылады және жүргізіледі. Уәкілетті орган Жұмыс берушілермен шарт негізінде шара іс-қимыл жасайды. Шартта Жұмыс беруші жұмысқа қабылданатын жұмыссыздарды жұмысқа қабылдау санын, мамандық тізімін (мамандық) қарастырады, қажет болса кәсіби дайындық, кәсіби білімі Жастар практикасына қатысушыларын кәсіби біліммен және дағдымен оларды сәйкес мамандығымен қамтамасыз ету міндеттері бойынша жұмысқа қабылдайды. Жұмыс беруші, жұмыссыздарға уақытша жұмыс орындарын беруге тілек білдіруші – Жастар практикасы шеңберінде Кәсіби оқу орындарын бітірушілеріне Уәкілетті органмен тиісті шарт жасасады.

4 4. Оқу орнын аяқтағаннан кейін алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіби оқу орындарындағы түлектердің Жастар практикасына қатысуға құқығы бар.

5 5. Жастар практикасын өткізу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты, республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен жүзеге асырылады.

Жастар практикасына қатысушылардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға белгіленген бір жарымға дейін ең төменгі мөлшерінде жалақының ең төменгі мөлшеріндегі жалақы көлемінде нақты жұмыс істеген уақытына Уәкілетті органмен жүргізіледі.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Ысқақоваға жүктелсін.

Аудан әкімі                                М. Көбенов

Қолданыстағы