О мерах по организации погашения кредиторской задолженности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации погашения кредиторской задолженности
- Атауы (қаз.)
- Кредиттік қарыздарды өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 134р
- Қабылданған күні
- 11.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 11.08.1999 4813_290497.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.08.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99K000042_
- ЭКБ идентификаторы
- 4813
- Редакция идентификаторы
- 4813_290497
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:58
Кредиттік қарыздары
шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 1999.09.23 № 163ө өкімімен.
Кредиттік қарыздары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы N 569 «Кредиттік қарыздары өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес жою мақсатында:
1. 1999 жылға арналған облыс бюджетке кредиттік қарыздары өтеу жөніндегі қоса тіркелген Ереже бекітілсін.
2. Кредиттік қарыздары өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссия төмендегі құрамында құрылсын:
Қ.Қ.Нүрпейісов – Қарағанды облысы бойынша салық Комитетінің төрағасы, төраға орынбасары
Б.Ю. Айтуаров – облыс әкімі аппаратының құқықтық қатынастар жөніндегі бөлімінің бастығы.
А.Қ.Ақымбеков – кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі Агенттік директоры
П.А.Ильницкий – облыс әкімі аппаратының жедел басқару бөлімінің меңгерушісі
В.П.Кротова – облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы
А.К. Молотовник – облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
А.Б. Райш – облыстық Мәслихаттың ревизиялық комиссиясының төрағасы
Р.Тлеухан – Қарағанды облысы бойынша салық полициясы Комитеті бас басқармасының бастығы.
3. Кредиттік қарыздары өтеумен байланысты мәселелерді қарау жөніндегі Комиссия 1999 жылғы арналған облыстық бюджетке кредиттік қарыздары өтеу тәртібі туралы Ереже сәйкес кердиттік қарыздарды өтеу жөніндегі жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз етсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау облыс әкімнің орынбасары С.Б.Өтешовке жүктелсін.
1999 жылға арналған облыстық бюджетке кредиторлық қарыздары өтеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Қарағанды облысы әкімінің
1999 жылғы 12.08 мамырдағы
№134р өкімінен бекітілген
1999 жылға арналған облыстық бюджетке
кредиторлық қарыздары өтеу тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Осы Ереже облыстық Мәслихаттың XXУ1 сессиясының «Облыстық Мәслихаттың 1999 жылғы 14 қантардағы XXУ сессиясының «1999 жылға арналған облыстық бюджет туралы»шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімінің 3-1 тармағына сәйкес әзірленген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылған және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 15 мамырдағы №217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда №517 жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есеп берудің көлемі мен нысандары туралы Нұсқаулықпен айқындалған тәртіпте есеп тапсыратын және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдарға таратылады.
1. Жалпы ережелер.
3. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары өтеудi төмендегідей шаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыра алады:
жергілікті бюджетке мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мен әлеуметтік жәрдемадыларды аудара отырып, еңбекақы төлеуге кредиттер (несиелер) берген екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер;
жергілікті бюджеттерден қаржыландырылған бюджеттік ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тікелей товар (жұмыс, қызмет) жеткізушілерінің азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беруіді жүзеге асыратын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша жұмыстарды жергілікті бюджеттер қаржылары есебінен атқаратын барлық меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің кейінгі бір жеткізушілері (бұдан әрі – жеткізуші).
4. Жергілікті бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық қарыздары (бұндай қарыздар 1999 жылғы 01 қаңтарда бар болса) жергілікті бюджеттен қаржыландырылған бюджеттік ұйымдар және таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар тікелей өтей алады.
5. Облыс әкімінің өкіммен құрылған кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты мәселелердi қарау жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қарағанды облысының әкімі жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
2. Әкімнің қарауына жоғарыда аталған заңды тұлғалардың креторлық қарыздарын өтеу мәселелері бойынша әкімдер жобаларын ұсыну.
Комиссия, егер оған комиссия мәжілісіне 7 адамнан кем емес қатысса және қатысушылардың көпшілігі жақтап дауыс берсе, ұсыныс енгізуге құқылы.
Комиссия мүшелерінің біреуі белгілі себеппен (демалыс, іссапар, науқас болса) жоқ болса, Комиссия жұмысы мен дауыс беруге жоқ комиссия мүшесінің міндеттерін уақытша атқарушы тұлға қатысуға құқылы.
3. Комиссия жұмыс істеуге және кеңес беруге кез-келген мемлекеттік құрылымның, қызметкерлерін шақыра алады, шақырылған тұлғалар дауыс беруге қатыспайды.
II. Бюджеттiк ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық қарыздарын тiркеу тәртiбi
Бағдарламалар әкімшілігі салыстырып тексеру актiлерiн тексерген соң тиісті қаржы органдарына тапсырады. Өз кезегінде қаржы органы салыстырып тексеру актiлерiн тіркеу үшін облыстық қаржы басқармасына тапсырады.
Кредиторлық қарыздарың барлығы туралы қол қойылған анықтамалар 3 данамен жергілікті қаржы орындарына және сонан соң тіркеу үшін облыстық қаржы басқармасына өткізіледі. Үш данадағы анықтамалар №2М нысанымен кредиторлық қарыздары тіркеу журналына бір нөмермен тiркеледi, ол номерленген, жіп өткізіп тігінделген және мастикалы мөрмен мөрленген болуы керек. Журналдағы беттер саны аумақтық қаржы органы басшысының қолымен куәландырылады. Анықтама нөмерi журналдағы нөмер ретiне сәйкес қойылады. Сонымен қатар анықтамаға салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстық бюджеттің екі мәнді салықтық коды, бюджеттiк ұйымдардың анықтамалығы бойынша, бюджеттiк ұйымның, міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның жетi мәндi коды, тiкелей жеткізушінің реттiк нөмерi қойылады. Бұл кодтар арнайы тiркеу кодтарын (тоғыз мәндi код (тiкелей жеткізушінің реттiк нөмерiн) құрайды.
III. Бюджеттiк ұйымдардың, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың кредиторлық қарыздары өтеу үшiн құжаттарды дайындауылары және ұсынулары
10. Бюджеттік ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдардың тікелей жеткізушілерден олардың жергілікті бюджетке төлемдері бойынша кредиторлық қарыздары туралы анықтамалар сұратады.
12. Салық органы берiлген анықтамаларды есебінің журналын жүргізеді, ол нөмiрленуi, тiгiлуi және мастикалық мөрмен мөрленген болуы керек. Журналдағы беттер саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады.
Егер тiкелей жеткізушіден жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздар туралы бiр мезгілде бiрнеше бюджеттiк ұйымдар, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар анықтама сұрататын болса, салық органы әрбiр бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым үшiн әр түрлі нөмiрлермен жеке анықтама бередi. Бұл жағдайда бір тікелей жеткізуші бойынша анықтамада көсетілген қарыздың жалпы сомасы оның жергілікті бюджетке төламдер бойынша кредиторлық қарыздарынан артық болмауы керек.
Бюджеттiк ұйым, таратылған міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым тiкелей берушiге құжаттардың алынғандығы және оның Берушiлерiнiң өтеу сызбасына енгiзiлгендiгi туралы ресми хабарлайды. Тiкелей берушi бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның хабарлауын өзi тiркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушiлер тiркелген жер бойынша салық органдарына жолдайды.
Қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженің 29-тармағында көрсетiлген кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi.
Кредиторлық қарыздары өтеу сызбасы N 2 нысан бойынша кредиторлық қарыздары тiркеу журналында тiркеледi. Тiркелген кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының көшiрмесiн бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қызмет көрсететiн қазынашылық органы есеп айырысуға қатысатын барлық қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзедi.
18. Қазынашылық органдары есеп айырысулар жүргізу үшiн мынадай шоттар:
кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей берушi мен Берушiлердің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына енгiзiлген тiкелей берушi мен Берушілерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады.
Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердің банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудің және жабудың тәртiбi туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндетті түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады.
Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды.
19. Бюджеттiк ұйым, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым өзiнен жоғары тұрған министрлiкке (ведомствоға) екi данада белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық қарыздары өтеудiң сызбасын ұсынады.
IV. Кредиторлық қарыздары өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртiбi
Сызба тiкелей берушi мен Берушiлердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасына, бiрақ бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға жасалады.
22. Сызба әрбiр тiкелей берушiге жасалады. Тiкелей берушіге республикалық бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушiлер көрсетiледi.
26. Берушiлердің саны көбейген жағдайда, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-Берушілер бастап барлық Берушiлер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетіле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi.
27. Берушiлердің республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда ол бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешек бар кiрiстердің кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
29. Сызбаға олардың негiзiнде акт жасалатын барлық құжаттар:
нөмiрi мен берілген күнi көрсетіле отырып, бюджеттiк ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнің бар-жоғы туралы қазынашылықтың аумақтық органдарының анықтамалары;
нөмiрлерi, қол қойылған күңдерi, тiркелген күнi және қазынашылықтың аумақтық органының тiркеу нөмiрi көрсетіле отырып, берушілердің кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсi қоса беріледi.
31. Қазынашылықтың аумақтық органы сызбаға кредиторлық қарыздары тiркеудiң арнаулы кодына (Берушiнiң тоғыз мәндi коды/реттiк нөмiрi) сәйкес келетiн нөмiр бередi және есеп айырысуға қатысушы барлық берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
V. Жергiлiктi атқарушы органдардың құжаттарды ұсынуы
32. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарауына:
жергiлiктi атқарушы орган мен екiншi деңгейдегі банктiң арасындағы несиелiк келiсiмдi;
жергiлiктi атқарушы органдардың облыстардың әкiмi мен екiншi деңгейдегi банктiң басшысы қол қойған және қазынашылықтың аумақтық органы растаған жоғарыда көрсетiлген несиелер бойынша кредиторлық берешектерiн салыстыру актiсiн;
тиiстi аумақтық қаржы органының екiншi деңгейдегi банктердiң несиелерiн жалақы мен әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге мақсатты бағытталғандығы туралы жазбаша растауды;
аталған банктiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша және N 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген) кредиторлық берешегiнiң бар екендiгi туралы банктiң тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органының анықтамасын;
осы Ереженiң 17-тармағына сәйкес жергiлiктi атқарушы органның орналасқан жерi бойынша қазынашылық органында тiркелген кредиторлық қарыздары өтеудің сызбасын ұсынады.
шаруашылық жүргiзушi субъектiнің тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органының және республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес N 8-нысан бойынша (салық төлеушінің жеке шоты бойынша көрсетілген) республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы анықтамасын;
шаруашылық жүргiзушi субъектi (республикалық бюджеттiң алдындағы борышкер) мен екiншi деңгейдегі банктiң арасындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiн өтеу үшiн қаражат беруге арналған несиелiк келiсiмдi ұсынады.
36. Қазынашылықтың аумақтық органдары есеп айырысуларды жүргiзу үшiн мынадай шоттар:
екiншi деңгейдегi банктерге кредиторлық қарыздары өтеу сызбасының негiзiнде олардың орналасқан жерi бойынша жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады.
Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердің банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудiң және жабудың тәртiбi туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндеттi түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады.
Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы жергiлiктi атқарушы органға қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органына хабарлайды.
VI. Кредиторлық қарыздары өтеу жөнiндегі есеп айырысуларды жүргізудiң тәртiбi
38. Комиссия ұсынылған шешiмнiң жобасын қарайды, аталған жоба бойынша ұсынысты пысықтайды және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне қарауға енгiзедi.
Жергiлiктi атқарушы органдардың кредиторлық берешектерi өтелген жағдайда N 6 нысан бойынша жергiлiктi атқарушы органдар мен екiншi деңгейдегi банктердің тiзiлiмi жасалады.
Екiнші деңгейдегi банктің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органы ұсынылған құжаттарды кредиторлық қарыздары өтеу сызбасына сәйкес есеп айырысуға қатысушы қазынашылықтың барлық аумақтық органдарына жолдайды.
44. Бюджеттік ұйым, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйым, жергiлiктi атқарушы орган тiкелей берушiге, екiншi деңгейдегі банкке олардың ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады және оны төлеу үшiн қазынашылық органына ұсынады.
Егер салық органы растаған берешектің сомасы не шаруашылық жүргізушi субъектiнің төлем тапсырмасында көрсетiлген сома сызба, бюджеттік ұйымның, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымның және жергілікті атқарушы органның төлем тапсырмасында көрсетiлген сомадан аз болса, салық органының растауында көрсетiлген сомаға не шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады.
Салық органы сұрау салуды растамаған немесе шаруашылық жүргізушi субъектiнiң төлем тапсырмасы болмаған жағдайда, қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
46. Тiкелей берушi, екiншi деңгейдегі банк 107101 «Берешектердi өтеу» кiрiс кодымен салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының СТН-iн көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазады.
Сызбаға сәйкес бiрнеше Берушi қатысқан жағдайда төлем тапсырмасы бiр Берушiнiң ағымдағы шотынан екiншi Берушiнiң ағымдағы шотына жазылады.
Егер екiншi деңгейдегi банк осы Ереженiң 34-тармағына сәйкес шаруашылық жүргiзушi субъектiмен несиелiк келісiм жасасқан жағдайда, екiншi деңгейдегi банк ағымдағы шоттан өзiнiң корреспонденттiк шотына төлем тапсырмасын жазады.
48. Қазынашылықтың аумақтық органы өтеу сызбасына сәйкес республикалық бюджеттің кiрiсiне соңғы төлем жүргiзгеннен кейiн электронды почтамен төлемдер жүргізiлген қазынашылық органдарына төлем тапсырмаларын жiбередi.
Одан басқа, салық төлеушiнiң ағымдағы шоты ашылған қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына оның бұрын осы салық органы растаған республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегінiң өтелгендiгi туралы N 7 нысан бойынша растау жолданды.
vii VІІ. Есепке алу және есеп беру
Мемлекеттiк мекемелер болып табылмайтын бюджеттік ұйымдар таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымдар кредиторлық қарыздары өтеудің сомасына қазынашылықтың аумақтық органдарына олар бойынша кредиторлық қарыздары өтеу жүргiзiлген бюджеттік жiктеу бағдарламасы бойынша 2 "Ұйымдардың шығыстары сметасының атқарылуы туралы есеп" нысаны (коды 0603008) бойынша есеп ұсынады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы ұсынылған есептердi тексергеннен кейiн бақылау визасы мен оң жақтағы жоғары бұрышына мөртаңба қояды. Қазынашылықтың визасы мен мөртаңбасы бар есеп оны белгіленген мерзімдерде министрлікке (ведомствоға) жолдайтын бюджеттiк ұйымға, таратылған Міндетті медициналық сақтандыру қорынан қаржыландырылған ұйымға қайтарылады.
Мемлекеттік мекеме болып табылатын бюджеттiк ұйымда берешекті өтеудi бухгалтерлiк есепте көрсетудің тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жырығы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтілген Республикалық және жергіліктi бюджеттердің есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргiзіледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекiтілген "Бюджеттiк ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептілігінің көлемi мен нысандары туралы" нұсқаулықта белгiленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.
51. Бір Берушінің екінші Берушінің алдындағы кредиторлық берешегін есептен шығару үшін қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзіндінің көшірмесі мен төлем тапсырмасының көшірмесі негіздеме болып табылады.
VIII. Жауапкершілік
АНЫҚТАМА №_____
№1М Нысаны
_________________________________
(қаржы органының атауы)
Берілген күні 1999 жылғы «___»__________1999ж.
АНЫҚТАМА №_____
1999 жылғы 1 қантардағы кердиторлыққарыздарың барлығы туралы
_________________________
(облыстың коды)
_______________________________________
(бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылып келген ұйымның коды)
Осы анықтама тапсырылған______________________________________________________________________________________
(бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылып ұйымның атауы ж/е СТН)
Сылыстырын тексеру актлері негізінде құралған:
мың теңге
№№ е/р | Жеткізуші | Тіркеу коды | Акт мәліметтері | Экономикалық жіктеу спецификасының коды | ||||
Атауы | Орналасқан жері | СТН (РНН) | Күні | сомасы | ||||
Қорытын дысы | ||||||||
Кредиторлық қарыздар сомасының қорытындысы_______________________
теңге___________________________________________________(цифрамен)
(сомасы жазбаша)
Осы анықтамаға тіркеледі:
1.____________________________________
2.__________________________________
3.__________________________________
4.__________________________________
_____________________________ ______________________________
(қаржы органының (бюджеттік ұйым, таратылған
басшысы) ММСҚ-нан қаржыландырылып
ұйым басшысы
М.О. М.О.
Кредиторлық қарыздары
№2М Нысаны
Мұкаба үлгісі
_________________________________
(қаржы органының атауы)
Кредиторлық қарыздары
ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
Басталуы_______ ж.
Аяқталуы_______ ж.
Журналдың барлық беттері осы үлгі бойынша басылады
мың теңге
№№ | Бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған | Анықтама | Кредиторлық қарызды өтеу сызбасы | Тікелей жеткізушінің атауы | Тіркеу коды | Қарыз сомасы | Т.А.Ә | Өтелгені туралы белгі | |||
Номері | Күні | Номері | Күні | Анықтама берген тұлға | Анықтама алған тұлға | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Анықтама бойынша қорытындысы | |||||||||||
N______
№3М Нысаны
N______
________________________________________________________________
(бюджеттік ұйымның таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған ұйымның, жергілікті атқарушы органның атауы, орналасқан жері, СТН, коды)
товар, жұмыс, қызмет жеткізушілер алдындағы сомасы_____________________
______________________ №___________кредиторлық қарыздары өтеу сызбасы
(сомасы жазумен, мың теңгемен)
_______________ қ. __________________
________________________
(кредиторлық қарыздарын қаржы органындағы тіркелу N___, қаржы
органы басшысының қолы, мөр)
Бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қар жыландырылған ұйымның тікелей жеткізуші, екінші деңгейдегі банк алдындағы қарыздары | Тікелей жеткізушінің, екінші деңгейдегі банктің жеткізуші алдындағы қарыздары | 2,3 ж/е т.б. жеткізушінің қарыздары | Тікелей жеткізушінің, жеткізушінің, екінші деңгейдегі банктің , шаруашылық жүргізуші суьъектінің жергілікті бюджетке төлемдер бойынша қарыздары | |||||
Экономикалық жіктеу спецификасы | Сомасы мың тенге | Атауы, орналсқан жері, СТН | Сомасы мың тенге | Атауы, орналсқан жері, СТН | Сомасы мың тенге | Атауы, орналсқан жері, СТН, бюджет түрі аудандық, қалалық, облыстық | Кірістер қодтары | Сомасы мың тенге |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
қорытындысы | қорытындысы | қорытындысы | қорытындысы | |||||
Өтеуге жататын соманың жиыны
______________________________________
(сомасы жазбаша)
Осы сызбаға тіркелгендер:
1.____________________________________________
2.____________________________________________
3.____________________________________________
ММСҚ-нан қаржыландырылып деңгейдегі банк
келген ұйым басшысының қолы басшысының қолы
__________________ _____________________
ТАӘ, лауазымы ТАӘ, лауазымы
МО МО
2-жеткізуші-ұйым Салық төлеуші ұйым
басшысының қолы басшысының қолы
__________________ _____________________
ТАӘ, лауазымы ТАӘ, лауазымы
МО МО
Кредиторлық қарыздларың өтелегені туралы белгі:
Өтелді ____________________________________________________________
(төлем тапсырмасының №______, қаржы органы басшысының қолы)
Ескерту: 2 және 9 бағаналардың сомалары тең болулары керек
Жеткізушілердің кредиторлық
№4М Нысаны
Мұкаба үлгісі
_________________________________
(қаржы органының атауы)
Жеткізушілердің кредиторлық
қарыздарын салыстырын тексеру
актлерін ТІРКЕУ ЖУРНАЛЫ
Басталуы_______
Аяқталуы_______
Кредиторлық қарыздарды өтеуге қатысатын бюджеттік ұйымдардың, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған Ұйымдардың ТІЗІЛІМІ
№5М Нысаны
Кредиторлық қарыздарды өтеуге қатысатын бюджеттік ұйымдардың, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған
Ұйымдардың ТІЗІЛІМІ
___________________________ _____________
(бағдарламалар мекеме-әкімшілігі) (күні)
Бюджеттік ұйымның, таратылған ММСҚ-нан қаржыландырылған Ұйымның атауы | Орналасқан жері | Сомасы, мың теңге |
1 | 2 | 3 |
Осы тізілімге мыналар тіркеледі:
1.____________________________________________
2.____________________________________________
Осы үгі бойынша журнладың барлық беттері басылады
3.____________________________________________
Бағдарламардың мемлекеттік
мекеме-әкімшілігі басшысының
қолы
___________________________
(ТАӘ, лауызымы)
М.О
Осы үгі бойынша журнладың барлық беттері басылады
Мың теңге
№№ | Салыстырып тексеру актісінің күні | Тіркеу коды | 1 жеткізуші | 2 жеткізуші | Өтеуге қабылданған сома | Қазынашылық МФО | Төлемнің аяқталуы туралы белгі | ||
МФО | Шоты | МФО | Шоты | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жергілікті атқарушы органдар және екінші деңгейдегі банктер тізілімі
№6М Нысаны
Жергілікті атқарушы органдар және
екінші деңгейдегі банктер тізілімі
(күні N)
Жергілікті атқарушы орган | екінші деңгейдегі банк атауы, орналасқан жері СТН (РНН) | Өтеу сомасы (мың теңге) |
1 | 2 | 3 |
Қаржы органы
басшысының қолы
_____________________
ТАӘ
МО
СҰРАУ - РАСТАУ
№7М Нысаны
"____"_____________ 1999 ж.
____________________________
(облысы, салық органының атауы)
СҰРАУ - РАСТАУ
____________________________________ _____________ салық органының
(қазынашылық аумақтық органының атауы)
1999 жылғы «__»_______N___ анықтамасында аталған ______________
(салық төлеуші -ұйымның
______________бюджетке төлемдер бойынша берешек сомасын растауды сұрайды. атауы мен СТН-і)
______________(қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөні)
________________________________________________________________________(салық төлеуші - ұйымның атауы мен СТН-і)
- - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -
1999 жылғы «___»________N___ анықтамада көрсетілген 1999 жылғы "__"
(күні)
___________ қалыптасқан және өтелуге жататын республикалық
(айы)
бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі (_______
(сомасы санмен)
______________________) теңгені құрайтынын растайды.
(сомасы жазумен)
оның ішінде төлем түрлері бойынша:
___________________(аумақтық салық органы басшысының қолы, аты-жөні)
1999 жылғы «___»___________ N_____ МО
_________________ салық органының 1999 жылғы "___"_________ N_____ растауында
көрсетілген республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша
___________________________________ кредиторлық берешегі
(салық төлеуші ұйымның атауы мен СТН-і)
_____________ (___________________________________________) теңгені
(сомасы санмен) (сомасы жазумен)
құрайтынын растаймыз.
______________(қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөні)
1999 жылғы «_____»________ N________ МО