Қолданыстағы ред. 22.02.2024 (Редакция I48140_1.kaz)

Қаратал ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 02.09.2009 г. № 229 (Қаратал ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Қаратал ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1)-тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қаратал ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.