Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
- Атауы (қаз.)
- Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 230
- Қабылданған күні
- 02.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2011 · қолданыстағы 48141_213717.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DL000127
- ЭКБ идентификаторы
- 48141
- Редакция идентификаторы
- 48141_213717
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:28
0 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді іріктеу тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-4)-тармақшасына және 18-1-бабының 1, 4-тармақтарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Әлеуметтік жұмыс орындары "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы жұмыс берушілермен шарттық негізде ұйымдастырылсын.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдіретін жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Байтаеваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Қаратал ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 02 қыркүйектегі
N 230 қаулысына
қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмыс берушілерді
іріктеу тәртібі
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес халықтың әлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын арттыру шараларын іске асыру мақсатында жасалынған.
6 Жалпы ереже
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) жұмысқа орналасуы үшін нысаналы топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және қаржыландыруын анықтайды. Сонымен қатар әлеуметтік жұмыс орындарын ашу немесе ашуға ұсынған мекемелердің ұйымдастыру жағдайын есептеудің және іріктеудің негізгі жағдайларын реттейді.
1 1. Қолданыстағы Тәртіптің негізгі ұғымы:
1 1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
2 2) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар топтары;
3 3) жұмыс беруші – Қаратал ауданының аумағында өз белсенділігін атқарушы заңды және жеке тұлғалар.
2 2. Әлеуметтік жұмыс орындары алты айға дейінгі мерзімге ұйымдастырылады.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақылық қамсыздандыру және сақтандыру заңнамалары толығымен қолданылады.
13 Жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдірген жұмыс берушілерді іріктеу
4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдіретін жұмыс берушілерді іріктеу келесі мақсатта жүзеге асырылады:
1 1) әлеуметтік жұмыс орындарын ашу немесе ұсыну жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қарастырылады және оған тек нысаналы топтарға жататын азаматтар тартылады;
2 2) әлеуметтік жұмыс орындары уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды;
3 3) жұмыс беруші толық емес жұмыс уақытына және жеңіл жұмыс кестесімен жұмыстар ұйымдастыруға болады;
4 4) әлеуметтік жұмыс орындары экономикалық және әлеуметтік тұрғыда байланыста болуы керек.
5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға ұсыныс білдіретін жұмыс берушілер Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Бөлім) жұмыстың түрі, сипаты, көлемі, жұмыс орнының саны, мерзімі, қосымша төлейтін еңбекақы мөлшері көрсетілген тапсырыс ұсынады.