Қолданыстағы ред. 10.09.2009 (Редакция 48148_165477.kaz)

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 10.09.2009 г. № 17 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекші ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Еңбекші ауылдық округіне қарасты:
Т.Жайлыбаев ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Желтоқсан, Алаш, Бәйтерек, Астана, Алматы, Бірлік, Атамұра, Қызыл күншығыс, Достық;
Нұрлы таң ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Атамекен, Ынтымақ, Шапағат;
Шұғыла ауылындағы атауы жоқ көшелеріне 9-мамыр, Көктем, Береке, Жас талап;
Жантақсай ауылындағы атауы жоқ көшесіне Мерей;
Жаңа тұрмыс ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Наурыз, Еңбекшіл деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзіретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.