Об утверждении Временных правил оказания социальной помощи на рождение ребенка и на погребение работавших граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Временных правил оказания социальной помощи на рождение ребенка и на погребение работавших граждан
- Атауы (қаз.)
- Баланың тууына және қайтыс болған жұмыс істеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелері туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 168
- Қабылданған күні
- 07.10.1999
- Көрсетілген редакция
- 07.10.1999 4815_260830.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V99K0000045
- ЭКБ идентификаторы
- 4815
- Редакция идентификаторы
- 4815_260830
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:53
0 «Баланың тууына және қайтыс болған жұмыс ісьеген азаматтарды жерлеуге әлеуметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелері туралы»
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2003.03.14 N 23ө өкімімен.
Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 «Адрестік әлеуметтік көмек көрсету туралы Уақытша ережені бекіту туралы» қаулысын орындау үшін:
1. Баланың тууына және жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлейметтік көмек көрсетудің Уақытша ережелері бекітілсін (№ 1. 6 қосымша)
2. Қалалар және аудандар әкімдері баланың тууына жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты осы Уықатша ережелерге сәйкес жүзеге асырсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облысы әкімінің орынбасары Х.Б. Қабжановқа жүктелсін
1 Баланың тууына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің уақатша ережелері
Облыс әкімінің
1999 жылғы 08.10.
№ 168 шешіміне № 1 қосымша
Баланың тууына бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің уақатша ережелері
1. Баланың тууына бір жолғы әлеуметтік көмек жәрдем ақы түрінде беріледі.
2. 1999 жылы бала туған жағдайда отбасына бір жолғы жәрдем ақы тағайынджалады және төленеді, егер отбасының жан басына шаққандағы жинақталған орта айлық табысы екі еселік айлық көрсеткіші мөлшерінен аспайтын болған жағдайда.
Екі немесе одан көп бала тұған жағдайда жәрдем ақы (жағдай болғанда) әр балаға төленеді.
Бала өлі туған жағдайда жәрдем ақы төленбейді.
3. Отбасының жинақталған табысы Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі және Қаржы министрлігінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде 1997 жыла 13 мамырда № 306 нөмерімен тіркелген Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әдеуметтік қорғау министрлігінің 1997 жылғы 2 сәуердегі № 2 және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің 1997 жылғы 26 наурыздағы № Р-1-14/124 бұйрықтарымен бекітілген отбасының жинақталған табысын есептеу тәртібі Нұсқаулыққа сәкес жүргізіледі.
4. Баланың тууына бір жолғы жәрдемақы алу құқығын анықтау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 қаулысымен бекітілген балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Ережемен блегіленген балалары бар отбасыларына бір жолғы жәрдем ақы тағайындауға арналған барлық ережелер қолданылады (Ереженің 11 тармағынан өзгесі).
5. Баланың тууына бір жолғы жәрдем ақы тағайындау туралы өтініш тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) еңбек, және халықты әлеуметтік қорғай бөлемені беріледі.
Жәрдем ақы алуға өтініш берген тұлға келесі құжаттар тапсыруы қажет:
- Табысы туралы анықтамада көрсетілген табыстан басқа отбасының басқа табысы жоқ екендігі көрсетілген жәрдем ақы тағайындау туралы өтініш;
- Балалардың тууы туралы куәлік көшімерсі;
- Бір жолғы жәрдем ақы алуға арналған азаматтық хал жағдайы туралы жазулар актісі органдарымен берілген баланың тууы туралы анықтама;
- Отбасы құрамын дәлелдейтін құжаттар (тұрғылықты жерден отбасы құрамы туралы анықтама, неке туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік);
- Заңды тұлға болып табылмайтын кәсіпкерлікпен айналысатын отбасы мүшелері салық органдарының анықтамасын тапсырады;
- Жұмыссыздар тұрғылықты жері бойынша еңбек биржасынаң алатын материалдық көмек мөлшері туралы анықтама тапсырады.
6. Баланың тууына бір жолғы жәрдем ақы тағайындау «Балалары бар отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» Ереженің тармақтарына сәйкес аудандық (қалалық) еңбек және халықты әлеуметтік қорғай бөлімдерінде ққұрылатын жәрдем ақы тағайындау жөніндегі комиссия жүргізеді.
7. Баланың тууына бір жолғы жәрдем ақы төлеу халықтық банк филиалдары арқылы еңбек және халықты әлеуметтік қорғай органдарына жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға бөлінген қаржы есебінен жүзеге тапсырылады.
2 Жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелері
Облыс әкімінің
1999 жылғы 08.10.
№ 168 шешіміне № 2 қосымша
Жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетудің уақытша ережелері
1. Жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы әлеуметтік көмек жәрдем ақы түрінде беріледі.
2. 1999 жылы жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеу жәрдем ақысы қайтыс болған күнге марқұмның бірге тұрған рибасы мүшелеріне, немесе жерлеуді жүргізуші тұлғаларға төлемнеді.
3. Жұмыс істеген қайтыс болған азаматтарды жерлеуге бір жолғы жәрдем ақы тағайындау туралы өтініш маркұмның тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық)еңбек, және халықты әлеуметтік қорғай бөліміне беріледі.
Жәрдем ақы алуға қтініш берген тұлға келесі құжаттар тапсыруы қажет:
- Жәрдем ақы төлеу туралы өтініш.
- Азаматтық хал-ахуал жағдайы туралы жазулар актісі органдарымен берілген жерлеуге бір жолғы жәрдем ақы алуға арналған қайтыс болғаны туралы анықтама;
- туыстық қатынастарын дәлелдейтән құжаттар;
- қайтыс болу күніне марқұммен бірге тұрғанын дәлелдейтін құжаттар;
Жерлеу отбасы мүшелерімен жүргізілмеген жағдайда, жерлеу жүргізген ритуалдық қызметтерден құжаттар тапсырылады.