Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным к ним

Қаулы · № 236 · қабылданған 23.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48202/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным к ним Күшін жойған Қаулы ·№ 236 ·23.09.2009
02.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным к ним

Күшін жойған Қаулы ·№ 236 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, а также лицам, приравненным к ним
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға тіс протезін салуға әлеуметтік көмек беру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
236
Қабылданған күні
23.09.2009
Көрсетілген редакция
02.02.2010 48202_199817.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SF000129
ЭКБ идентификаторы
48202
Редакция идентификаторы
48202_199817
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:22

0 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сонымен қатар соларға теңестірілген тұлғаларға тіс протезін салуға әлеуметтік көмек беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, «2009 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Есіл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 12/74 шешіміне (2009 жылғы 15 қаңтарда Мемлекеттік тіркеу тізілімінің аумақтық тарауында № 13-6-107 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 ақпандағы № 7(140) «Есіл таңы», 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 3(8411) «Ишим» газеттерінде жарияланған) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Тіс протезін салуға әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдер бойынша теңестірілген тұлғаларға беріледі:

2 2. Тіс протезін салуға төлемдер «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» 451007000 шығыстың бюджеттік сыныптамасының коды бойынша 2009 жылы бөлінген жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.

3 3. Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдер бойынша теңестірілген тұлғаларға сапалы тіс протезін салуды қамтамасыз етсін.

4

4. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер және кепілдер бойынша теңестірілген тұлғалар тұрғылықты жері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ келесі құжаттарды ұсынады:

1 1) қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;

2 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3 3) мәртебесін куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4 4) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;

5 5) тіс протезін салудың бағасы туралы ұйымның шот-фактурасы.

5

5. Әлеуметтік көмекті төлеу Қазақстан Республикасы Халық банкінің лицензиясы бар екінші деңгейлі банк филиалдары және Қазақстан Республикасы Агенттігінің қаржы нарығын және қаржы ұйымын реттеу және қадағалау бойынша лицензиясы бар «Қазпошта» АҚ арқылы азаматтардың жеке шоттарына салу жолымен жүзеге асырылады.
Екінші деңгейлі банктер немесе «Қазпошта» АҚ келісімшарт және ақылы қызмет көрсету негізінде алушылардың ашық жеке шоттарына соманы аударуды жүзеге асырады.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.К. Бектасоваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

КЕЛІСІЛДІ:
Орталық аудандық
ауруханасы бас дәрігерінің
міндеттерін атқарушысы
Барабаш Александр Иванович

13 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 23 қыркүйектегі № 236
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығына
Өтініш
Тегі __________________________________________________________
Аты____________________________________________________________
Әкесінің аты___________________________________________________
Мәртебесі______________________________________________________
Мекен-жайы_____________________________________________________
СТН____________________________________________________________
Есепшотынын нөмірі_____________________________________________
Бөлімшеде______________________________________________________
Маған тіс протезін салуға әлеуметтік көмек тағайындауыңызды
өтінемін.
Қосымша _______ бетте
2009 жылдың «___» ___________ ________________
өтініш иесінің қолы
Өтініш қабылданды

Қолданыстағы