Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығын бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-4
- Қабылданған күні
- 24.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.06.2011 · қолданыстағы AI48215_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LF000129
- ЭКБ идентификаторы
- 48215
- Редакция идентификаторы
- AI48215_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:22
0 Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 311-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығы бекітілсін.
2 Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау НҰСҚАУЛЫҒЫ
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
XХ-сессиясының төрағасы Б. АМИТОВ
Аудандық мәслихат хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
"КЕЛІСІЛДІ"
Жалағаш аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы Б.Жарқынбаев
______________07 қыркүйек 2009 ж.
Жалағаш аудандық мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы О.Аханов
______________08 қыркүйек 2009 ж.
Жалағаш аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы Ұ.Құланбаев
______________08 қыркүйек 2009 ж.
2009 жылғы 24 қыркүйектегі N 20-4
Жалағаш аудандық мәслихатының
шешімімен бекітілген
Жалағаш ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау НҰСҚАУЛЫҒЫ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Ауданда иттер мен мысықтарды ұстау Нұсқаулығы (бұдан әрі-Нұсқаулық) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленген.
Нұсқаулық ауданда иттер мен мысықтарды ұстау тәртібін реттейді.
Осы Нұсқаулық барлық иттер мен мысықтардың иелеріне, меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ иттер мен мысықтарды серуенге алып шығатын барлық тұлғаларға (бұдан әрі-иелер) қолданылады.
2 2. Осы Нұсқаулықта төмендегі түсініктер қолданылады:
1 1) ит - көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан, сүт қоректі, қасқыр тектес үй жануары;
2 2) мысық - көлеміне, түсіне және басқа да белгілеріне қарамастан, сүт қоректі, мысық тектес үй жануары;
3 3) жануардың иесі - ит пен мысықты асыраушы, күтуші адам немесе иесінің келісіммен жалға алушы және осыған ұқсас әрекеттегі адам;
4 4) иесіз жануарлар - тіркеуде жоқ, иелерін анықтау мүмкін болмаған, иелерінен адасқан не болмаса қашып кеткен, иесі немесе жануарға жауапты адам тарапынан қараусыз жүрген жануарлар;
5 5) ветеринариялық паспорт - жануарларды және ветеринариялық іс-шараларды есепке алу мақсатында малдың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы, жүргізілген ветеринариялық дауалаудың мерзімдері мен сипаты көрсетілетін уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат;
6 6) иттер мен мысықтарды серуендету – иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда серуендеуі болып табылады.
2 2. Иттер мен мысықтарды тіркеуге алудың тәртібі
3 3. Меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалар меншігіндегі иттер мен мысықтардың барлық түрлері жануарларды бірдейлендіру тәртібімен ветеринарлық ұйымда тізімдік есепке алынып, тіркеу барысында иелеріне ветеринарлық паспорт беріледі.
Тіркеу барысында иелер осы Нұсқаулықпен таныстырылады және танысқандығы туралы тіркеу кітабына қол қойылумен рәсімделеді.