Қолданыстағы ред. 14.09.2009

Ауыл көшелеріне атау беру туралы от 14.09.2009 г. № 55 (Ауыл көшелеріне атау беру туралы)

0

Ауыл көшелеріне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Казыбек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Казыбек би ауылдық округіне қарасты:
Құрбан ата ауылындағы атауы жоқ көшесіне Ақ жол;
Абиболла ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бозарық;
Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Иман, Игілік, Инабат;
Таубай ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Білім, Балауса, Байлық, Көкбұлақ;
Қазыбек би ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Асар, Ақсарай, Ақиқат, Күнгей, Егемендік, Егіндік, Ақсұңқар, Айбын, Абат, Алтыбақан;
Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бозбұтақ, Атамұра, Аманат, Достық, Дидар, Арман, Атамекен, Дастан, Дарын;
Ә.Оспанов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайсар, Қазына, Жігер, Жұлдыз, Жеңіс, Қаракет, Мереке, Мұра деген атаулары берілсін.

2

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.

3

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.