Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл көшелеріне атау беру туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Казыбек би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Казыбек би ауылдық округіне қарасты: Құрбан ата ауылындағы атауы жоқ көшесіне Ақ жол; Абиболла ауылындағы атауы жоқ көшесіне Бозарық; Алғабас ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Көктем, Иман, Игілік, Инабат; Таубай ата ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Білім, Балауса, Байлық, Көкбұлақ; Қазыбек би ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Асар, Ақсарай, Ақиқат, Күнгей, Егемендік, Егіндік, Ақсұңқар, Айбын, Абат, Алтыбақан; Жамбыл ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Бозбұтақ, Атамұра, Аманат, Достық, Дидар, Арман, Атамекен, Дастан, Дарын; Ә.Оспанов ауылындағы атауы жоқ көшелеріне Қайсар, Қазына, Жігер, Жұлдыз, Жеңіс, Қаракет, Мереке, Мұра деген атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.