Құжат мәтініне өту

Об утверждении Протокола об обеспечении единообразного применения правил определения таможенной стоимости товаров, перемещаемых через таможенную границу таможенного союза

Қаулы · № 1643 · қабылданған 22.10.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48241/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Протокола об обеспечении единообразного применения правил определения таможенной стоимости товаров, перемещаемых через таможенную границу таможенного союза Қолданыста Қаулы ·№ 1643 ·22.10.2009
14.10.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Протокола об обеспечении единообразного применения правил определения таможенной стоимости товаров, перемещаемых через таможенную границу таможенного союза

Қолданыста Қаулы ·№ 1643 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Протокола об обеспечении единообразного применения правил определения таможенной стоимости товаров, перемещаемых через таможенную границу таможенного союза
Атауы (қаз.)
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттаманы бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1643
Қабылданған күні
22.10.2009
Көрсетілген редакция
14.10.2014 AI48241_2.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001643_
ЭКБ идентификаторы
48241
Редакция идентификаторы
AI48241_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:12

0 Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында жасалған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама бекітілсін.

2 2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 22 қазандағы
N 1643 қаулысымен
бекітілген
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындаудың ережесін біркелкі қолдануды қамтамасыз ету туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісіммен (бұдан әрі - Келісім) белгіленген ережені кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында біркелкі қолдануды қамтамасыз етуге ұмтылатынын білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1 1-бап

Келісіммен белгіленген ережені біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында, Тараптар:
Тараптар мемлекеттері кеден органдарының практикалық қызметінде туындайтын және Келісімді қолдануға байланысты нақты проблемалық мәселелерді қарайды;
халықаралық құқық нормаларын, оның ішінде Дүниежүзілік кеден Ұйымы Кедендік бағалау жөніндегі техникалық комитетінің құжаттарында қамтылған нормаларды ескере отырып, Келісімнің ережелерін түсіндіруге бірыңғай тәсілді жасайды;
кеден одағына қатысушы мемлекеттерде қалыптасқан тауарлардың кедендік құнын айқындау мәселелері бойынша құқық қолдану практикасы туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
Келісіммен белгіленген ережені біркелкі қолдану жөніндегі ұсынымдарды дайындайды.

2 2-бап

Осы Хаттаманың 1-бабында көрсетілген жұмыстардың сипаты мен көлемін назарға ала отырып, Тараптар:
кеден одағы органдарының құрылымында Келісіммен белгіленген ережені біркелкі қолдануды қамтамасыз ету үшін жауапты тиісті бөлімше құруға;
Тараптар мемлекеттерінің тауарлардың кедендік құны саласында нормативтік құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы билік органдарына уәкілеттік беруге, Келісіммен белгіленген ережені біркелкі қолдануды қамтамасыз ету үшін жауапты тиісті бөлімшені анықтауға келісті.

3 3-бап

Осы Хаттаманың ережелерін іске асыру мәселелері бойынша хат алмасу орыс тілінде жүргізіледі.

4 4-бап

Осы Хаттаманың ережелерін қолдануға немесе түсіндіруге байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, кез келген мүдделі Тарап мұндай дауларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.

5 5-бап

Осы Хаттамаға Тараптардың уағдаластығы бойынша жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

6 6-бап

Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тіліндегі бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясына депозитарийдің функциялары берілгенге дейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитеті болып табылатын депозитарийде сақталады.
Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жібереді.
Беларусь                  Қазақстан               Ресей
Республикасының           Республикасының         Федерациясының
Үкіметі үшін              Үкіметі үшін            Үкіметі үшін

Қолданыстағы