Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования средств резерва акима области

Ереже · № 09 · қабылданған 25.10.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4825/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования средств резерва акима области Күшін жойған 25.10.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил использования средств резерва акима области

Күшін жойған Ереже № 09 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования средств резерва акима области
Атауы (қаз.)
Облыс әкiмiнiң резерв қаржыларын пайдалану Ережелерiн бекiту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
09
Қабылданған күні
25.10.1999
Көрсетілген редакция
25.10.1999 4825_260890.kaz
Соңғы өзгеріс
25.10.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99K0000047
ЭКБ идентификаторы
4825
Редакция идентификаторы
4825_260890
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:52
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Облыс әкімінің резерв қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы»

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы әкімінің 2002.08.05 N 128 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәур « Бюджеттік жүйе туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасы үкіметінің резервтік қаржыларын пайдалану Ережелерін бекіту туралы» № 1408 қаулысына сәйкес:

1. Облыс әкімінің резерв қаржыларын пайдалану Ережесі бекітілсін (№ 1 қасымша)

2. Қала және аудан әкімдерә бір айлық мерзім ішінде аудан (қала) әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану Ережесін әзірлесін және бекітсін.

3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Б.Өтешевке жүктелсін

1 Облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану ЕРЕЖЕСІ

Облыс әкімінің
1999 жылғы 26.10.
№ 09 шешіміне № 1 қосымша
Облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже облыс әкімінің резервтік қаржыларын пайдалану және бөлу тәртәбән анықтайды.

1. Жалпы ереже

1. Осы ережеде келесі қғымдар пайдаланылады:

әкім резерві - облыстық бюджетте тиісіт қаржы жылына белгілеген және облыс әкімінің өкімімен күтпеген шығындарды қаржыландыруға бөлінетін бір жолғы сипаттағы қаржылар;
күтпеген шығындар –болжап кұтілмегендігінен ағымдағы қаржы жылына облыстық бюджеттң қалыптастыру кезінде жоспарлауға мүмкін болмаған және ағымдағы қаржы жылында шұғыл қаржыландыруды қажет ететін шығындар;
облыс әкімінің, облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комитеттерінің міндеттемелерн өтеуге арналған әкім резервінің құрамындағы қаржылар - әкім резерві құрамында көзделген және сот шешімдері бойынша облыс әкімінің облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комистеттерінің міндеттемелерін өтеу ұшін облыстық бюджеттік бағдарламадлар жетекшісілеріне бөлінетін қаржылар;
облыс әкімі резервісінің қаржыларын алушы – облыстық бюджеттік бағдарламалар жетекшілері немесе аудан, қала әкімдері.

2. Жергілікиі атқарушы органдар резервң өаржыларының есебінен қаржыланатын бір жолғы сипаттағы көделмеген шығындарғы келесң шаралар жатады:

1) Мынадй жағдайларды қоса алғанда жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою:

-Төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
- зардап шеккендерге арналған уақытша тұрақтарды молынан орнықтыру және ұстау;
- апатты-кұтқару және апатты -қалпына шұғыл кимыл бөлімнелердін кұтқарудың техникалық құралдарымен және қондырғыларымен қосымша жабдықтау;
- төтенше жағдайлар аумағына күтер мен құралдардың тасымалдануын қамтамасыз ету.

2) Сот шешімдері бойынша облыс әкімінін, облыстық әкімет басқармалары, департаменттері және комиттерінің міндеттемелерін өтеу;

Облыс әкімі резервінің қаржылары басқа шығындарды қаржыландыруға бағытталмайды.

2. Облыс әкімі резервісінің қаржыларын бөлу және пайдалану тәртібі

3. Облыс әкімі резервінен қаржы бөлу алушы, бөлінетін қаржы көлемі және оны пайдалану мақсаты, сондай ақ, ол қаржы қайтару негізінде бөлінген жағдайда оны қайтару шарттары және мерзімі көрсетілген облыс әкімінің өкімі негізінде заңмен белгіленген тәртіппен жүргізілетін қаржыландыруды ашу арқылы осы мақсаттарға тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет шығындарының кұрамында бекітілген мөлшерлер шегінде қаржы басқармасы жүзеге асырады.

4. Облыс әкімі резервінін қаржылары қатан мақсатты сипат алады және осы Ережемен және облыс әкімінің резервтен өаржы бөлі туралы өкімімен көзделмеген қажеттерге бөлінбейді.

5. Әкім резервінен қаржы бөлу туралы облыс әкімінің өкімін әзерлеу кезінде мынадай шарттар ескеріледі:

1) Облыстық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының бөлінбеуі;

2) Ағымдағы қаржы жылына облыс әкімі резерві қаржыларына сұраным пайда болғанда және оған қажеттілік облыс әкімінің және облыс әкімшілігі басқармалары, департаменттері және комитеттеттерінің міндеттемелерін өтеуді есепке алмағанда алушының қткен міндеттемесімен байланысты болмаған жағдайда;

6. Облыс әкімінің әкім резервінен қаржылар бөлу туралы өкімдері облыс әкіміінің жыл өткенге дейінге тиісті өкімдерінің негізінде күшін жояды.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жаңдайларды жоюға қаржылар бөлу

7. Жергілікті ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жергілікті атқарушы органдар қаржыларының есебінен қаржыландыруға тиіс.

8. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шараларды облыс әкімінің резервінен қаржыландыру төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе оның таралу ауқымы жергілікті атқарушы органдар туындаған проблеманы өз қаржылары есебінен дербес шеше алмайтындай мөлшерге жеткен кездегі жағдайларда жүзеге асырылды.
Облыс әкімінің резервінен қаржы бөлу туралы өтінімді төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма қарайды, ол негіздеуші материалдарды ұсыну тәртібін , олардың тізбесін белгілейді және қажет болған кезде, қаржы басқармасымен келісім бойынша облыс әкімінің аппаратына төтенше жағдайларды жоюға қаржы бөлу туралы өкімнің жобасын қсынады.

4. Сот шешімдері бойынша облыс әкімінің, облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің міндеттемелерін өтеуге қаржылар бөлу

9. Сот шешімдері бойынша облыс әкімінің және облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің, міндеттемелерін өтеу соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда облыс әкімі резервісі қаржыларының есебінен қамтамасыз етіледі.

10. Облыс әкімінің міндеттемелерін өтеуге әкім резервінен қаржы бөлу туралы облыс әкімі өкімінің жобасын қаржы басқармасы әзірлейді.

11. Облыстық әкімет басқармаларының, департаменттерінің, комитеттерінің мәндеттемелерін өтеуге әкім резервінен өаржы бөлу туралы облыс әкімі өкімінің жобасын қаржы басқармасымен келісім бойынша облыстық әкіметтің басқармалары, департаменттері, комитеттері, әзірлейді және облыс әкімінің аппаратына ұсынады.

5. Бақылау және есеп беру

12. Облыс әкімінің резервінен бөлінген қаржыларды алушылар қаржы басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімдерде олардың пайдаланылуы, орындалған жұмыстардың көлемі мен кұны туралы есеп беруге тиіс.

13. Қаржы басқармасы ай сайын облыс әкіметіне облыс әкімі резервісі қаржыларының пайдаланылуы және оның тиісті кезеңге қалған бөлігі туралы ақпарат береді.

14. Әкім резервінен бөлінген қаржыларды мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастарылған тәртіппен алушыға жүктеледі.

15. Облыс әкімінің резервінен алынатын қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.