Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период

Өзге акт · № 1-759р · қабылданған 06.12.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4828/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период Күшін жойған 06.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период

Күшін жойған Өзге акт № 1-759р 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах в зимний период
Атауы (қаз.)
Қыс кезінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1-759р
Қабылданған күні
06.12.1999
Көрсетілген редакция
06.12.1999 4828_250714.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99V000250_
ЭКБ идентификаторы
4828
Редакция идентификаторы
4828_250714
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қыс кезінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 19 тамыздағы N 94 шешімімен.
Жыл сайын қыс кезінде облыстың су айдындарында төтенше жағдайлар болып, адамдар қаза табуда, материалдық бағалы заттар мен көлік шығынға ұшырауда.
Мысалы, төрт қыс айларында (1998 жылғы қараша-желтоқсан және 1999 жылғы
қаңтар-ақпан) облыста 12 адам қаза тапты. Адамдардың қаза табуының негізгі се-
бептері лауазымды адамдардың және су айдындары иелерінің адамдардың емірін
қорғауды ұйымдастыруға жауапсыз қарауы, өткелдер мен мұз үстінен өтетін жол-
дардың бақылаусыздығы, облыстық мәслихаттың ХVІІІ сессиясының 1998 жылғы
шешімімен бекітілген және облыстық әділет басқармасы 1998 жылғы 9 қазанда №
100 құжатпен тіркеген “Шығыс Қазақстан облысының су айдындарында
адамдардың қауіпсіздігін сақтаудың міндетті ережесін және оны бұзғаны үшін
әкімшілік жауапкершілік орнатуды” сақтамау болып табылады.
1999-2000 жылдардағы қыс кезінде су айдындарында адамдардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:

1. Қалалар мен аудандардың өкімдері, облыстық төтенше жағдайлар басқармасы:

1) қауіпті су айдындарының, әсіресе өткелдердегі, мұз үстінен өтетін өткелдердегі , мұз астынан балық аулайтын жерлердегі мұз жағдайын анықтасын және тиянақты бақылау жасасын, оларда ескерту белгілері орнатылсын, қажет болған жағдайда патруль жасауды, айналып жүру мен рейдтерді ұйымдастырсын;

2) мұз жағдайының өзгергендігі, қауіпті дауылдардың жақындағандығы, күннің жылынғандығы, қалың қар жауғандығы туралы халыққа дер кезінде құлақтандырылсын;

3) мұз үстінен өтетін өткелдерді орналастыру кезінде «Шығыс Қазақстан об- лысының су айдындарында адамдар қауіпсіздігінің міндетті ережесі» басшылыққа алынсын. Өткелдер мен мұз өткелдерін үстау үшін жауапты адамдардың нұсқаулығы ұйымдастырылсын;

4) судан құтқару стансалары және құтқарушыларды, құтқару және суға түсу жабдықтарын су айдындарындағы төтенше жағдайлар орындарына жеткізу үшін маневрлік-іздестіру топтары көлікпен қамтамасыз етілсін;

5) мсу айдындарында апатқа ұшыраушы адамдарға жедел көмек көрсету үшін ішкі істер органдарымен, әскери бөлімдермен ынтымақтаса қимылдар жарау ұйымдастырылсын;

6) мүздағы қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқамадан өтпеген және құтқару құралдары жоқ әуесқой балықшылардың мұз астынан балық аулауларына жол бе- рілмесін;

7) дауылды жел туралы ескерту алған кезде мұз астынан балық аулаушыларды құлақтандыру және оларды жағаға шығару жөнінде жедел шаралар қолданылсын.

2. Судан құтқару қызметінің облыстық орталығы:

1) құтқару стансалары мен маневрлік іздестіру топтарының тұрақты әзірлігін қамтамасыз етсін, кезекші жүзу және құтқару құралдарың дайындасын, жанар-жағар май материалдарының қорын, прожекторлар, аккумуляторымен бірге фарлардың болуын қамтамасыз етсін;

2) өткелдер мен мұз өткелдерін ұстау үшіи жауапты адамдарды, сондай-ақ мұз астынан балық аулауға барушы ұжымдарды нұсқамалау жүргізілсін. Ескерту белгілерін орнатуға бақылау жасау ұйымдастырылсын;

3) барлық мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде мұздағы қауіпсіздік шаралары туралы сабақтар өткізілсін.

4) арнайы тақтайлар, шаналар, басқыштар, сырғауылдар және мұздан құтқарудың басқа да құралдары жөнделсін немесе дайындалсын;

5) барлық құтқару стансалары мен постыларында С-3 міндеттері («Мұзда адамдардың өмірін қорғау») пысықталсын;

6) қолданылған шаралар туралы облыстық төтенше жағдайлар басқармасына ай сайын 1999 жылғы 10 желтоқсанға, 2000 жылғы 10 қаңтарға, 10 ақпанға, 10 наурызға дейін баяндалсын.

3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары Ю.П.Швайченкоға жүктелсін.

4. «1998-1999 жылдардағы қыс кезінде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің 1998 жылғы 5 қарашадағы № 1-495-ө өкімі күшін жойды деп саналсын.