Құжат мәтініне өту

Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қаулы · № 235 · қабылданған 07.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48295/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 235 ·07.10.2009
28.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 235 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
235
Қабылданған күні
07.10.2009
Көрсетілген редакция
28.01.2010 · қолданыстағы AI48295_1.kaz
Соңғы өзгеріс
28.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZM000111
ЭКБ идентификаторы
48295
Редакция идентификаторы
AI48295_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:18

0 Шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының мемлекеттік ветеринариялық бас инспекторының 2009 жылғы 7 қыркүйектегі N 343 ұсынысына сәйкес, бруцелез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын пастереллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ірі қара малы арасында пастереллез ауруының тіркелуіне байланысты Қызылкөл селолық округінің Қызылтал жайлауы аумағына шектеу іс-шаралары енгізілсін.

2

2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне, Қызылкөл селолық округ әкімімен, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Шыңғырлау ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" Мемлекеттік мекемесімен және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Шыңғырлау аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнымен бірлесе отырып, шаруашылық-ұйымдастыру, санитарлық және арнайы ветеринариялық дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын (келісім бойынша).

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Байменовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы