О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование
- Атауы (қаз.)
- Тіс протездеуге көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 34
- Қабылданған күні
- 15.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.02.2010 48302_196341.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SH000110
- ЭКБ идентификаторы
- 48302
- Редакция идентификаторы
- 48302_196341
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:24
0 Тіс протездеуге көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 37-бабына, «Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1 1. Келесі санаттағы азаматтарға тіс протездеуге әлеуметтік көмек (одан әрі әлеуметтік көмек):
Ұлы Отан соғысы қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне;
жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
жеңілдіктері және кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға көрсетілсін.
2 2. Әлеуметтік көмек анықталсын:
тіс протездеу бағасының мөлшерінде (асыл металдар және металлопластика, металлокерамика, металлоакрил протездерден басқа) тағайындалады;
осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тіс протездеуге мұқтаж Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға ұсынылады.