О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи на зубопротезирование
- Атауы (қаз.)
- Тіс протездеуге әлеуметтік көмекті беру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 344
- Қабылданған күні
- 25.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.07.2010 48318_115012.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SD000091
- ЭКБ идентификаторы
- 48318
- Редакция идентификаторы
- 48318_115012
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:21
0 Тіс протездеуге әлеуметтік көмекті беру туралы
«Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына және «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер беру және әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 28 сәуірдегі № 2247 Заңының 20-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тіс протездеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) осы санаттағы азаматтарға көрсетілсін:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға;
жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға.
2 2. Әлеуметтік көмекті беру үшін анықталсын:
тіс протездеу құнының көлемінде (құнды металдар мен металлопластика, металокерамика, металлоакрилдардан басқа) тағайындалады;
аудан бюджетінен бөлінген қаражатының шегінде көрсетіледі;
осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының аумағында тұрақты өмір сүретін және тіс протездеуге мұқтаж болған тұлғаларға беріледі.