Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 163
- Қабылданған күні
- 25.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2012 · қолданыстағы AI48328_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09LG000083
- ЭКБ идентификаторы
- 48328
- Редакция идентификаторы
- AI48328_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:21
0 Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3 бабының 2 тармағына, 311 бабына Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және аудан әкімдігінің 2009 жылғы 22 қыркүйектегі N 388 қаулысына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақорған ауданының аумағында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 Жаңақорған ауданы аумағында иттер мен мысқтарды ұстау Ережелері
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезекті
ХVІІІ сессиясының төрағасы Б. ТОҚТЫБАЕВ
Аудандық Мәслихат хатшысы С. ДҮЙСЕБЕКОВ
Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы
25 қыркүйектегі кезекті ХVІІІ
сессиясының N 163 шешіміне
қосымша
Жаңақорған ауданы аумағында иттер мен мысқтарды ұстау Ережелері
1 1. Жалпы Ережелер
1
1. Осы Ереже Жаңақорған ауданының елді мекендерінде Жаңақорған ауданының аумағында үй жануарларды ұстауға регламенттеу мақсатында әзірленеді, (бұдан әрі-Ереже) әсіресе иттер мен мысықтарды және жеке және заңды тұлғаларға осы ережені бұзғаны үшін "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 311 бабына сәйкес жауапкершілік белгілейді.
2 2. Осы Ереже барлық иттер мен мысықтарды ұстайтын меншіктеріне қарамастан заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
3 3. Осы Ереже "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
2 2. Иттер мен мысықтардың иелерінің жауапкершілігі
4 4. Иттер мен мысықтардың иелеріне төменде көрсетілген шарттарды ұстансын:
1 1) жануарларды оларды биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстауға жануарларды адамгершілікпен қарауға, қоғамдық жерлерде қараусыз қалдырмауға, ауырып қалған жағдайда уақытында ветеринар көмегіне сүйенуге;
2 2) осы Ережеге сәйкес жануарларды тиісті ұстауды қамтамасыз ету;
3 3) тыныштықты ұстану, санитарлық ережелерді, айналадағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажетті шараларды қабылдау;
4 4) иттерді серуенге осы мақсаттар үшін тек қана арнайы белгіленген орындарға шығару;
5 5) жалпы пайдалану орындарын ластануын жою;
6
6) жануар адамдарды қауып алса, сондай-ақ адамдарды немесе жануарларды сілекейленсе және тырналанса, олардың иелері ол туралы жақын маңайдағы медициналық, ветеринарлық мекемеге тұратын орын бойынша тез арада хабар беруге керек және де ол ветеринар маманның бақылауына алынып карантин жасау және тексеру үшін ветеринарлық ем қолдануға апарылуы тиіс;