Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О лицензировании алкогольной продукции (кроме пива)

Өзге акт · № 185 · қабылданған 07.09.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4833/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О лицензировании алкогольной продукции (кроме пива) Күшін жойған 07.09.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О лицензировании алкогольной продукции (кроме пива)

Күшін жойған Өзге акт № 185 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О лицензировании алкогольной продукции (кроме пива)
Атауы (қаз.)
Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы /сырадан басқа/
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185
Қабылданған күні
07.09.1999
Көрсетілген редакция
07.09.1999 4833_253305.kaz
Соңғы өзгеріс
07.09.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99Z0000087
ЭКБ идентификаторы
4833
Редакция идентификаторы
4833_253305
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:56
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.09.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алкоголь өнімдерін лицензиялау туралы /сырадан басқа/

📌 Ескерту. Күші
жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 21.10.2004 № 43 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь /сырадан басқа/ өніммен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Алкоголь өнімдерімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға лицензия беру құқығы аудандардың және Орал қаласының әкімдеріне жүктелсін.

2. Лицензия берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда көрсетілген қаулысымен бекітілген лицензиялаудың тәртібін қатан басшылыққа алсын /тіркелді/.

3.Облыстық салық комитеті /Әбдірахманов/ облыстық салық полициясы өздерінің құзыреті шегінде кәсіпкерлік объектілерінің этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңды мүлтіксіз сақтауын қамтамасыз етсін.

4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары К.Алексеевке жүктелсін.

4 Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ТӘРТIБI

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы "27” тамыздағы N 1258
қаулысымен бекітілген
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың ТӘРТIБI

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тәртіп "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі 2200 заң күші бар Жарлығына сәйкес әзірленді және этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

2. Осы Тәртіп заңды және жеке тұлғаларға этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге, этил спиртін сақтау мен сатуға, алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме, бөлшек сатуға байланысты лицензиялық қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің ретін белгілейді.

3. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган бекіткен құжаттарға сәйкес алкоголь өнімін қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде бостау алкоголь өнімін көтерме сату болып табылады.

4. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда, сондай-ақ стационарлық үй-жайлардың жанындағы жазғы алаңшаларда және фиксальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған стационарлық үй-жайларда жүзеге асырылатын тұтыну немесе коммерциялық мақсатта пайдалану үшін алкоголь өнімін сату бөлшек сауда жасау болып табылады.

5. Лицензия қызметтің мынадай түрлерінің әрбіріне беріледі:

1) этил спиртін өндіру;

2) алкоголь өнімін өндіру;

3) этил спиртін сақтау мен сату;

4) алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау және көтерме сату;

5) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасау;

6) лицензияны:

1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілеттік берілген мемлекеттік орган осы Тәртіптің 5-тармағының 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген қызметтің түрлеріне;

2) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға жергілікті атқарушы органдар береді.

7. Лицензиялық алымның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

8. Лицензияның формасын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Лицензия бланкісі қатаң есептік құжат болып табылады.

2. Лицензияны берудің тәртібі

9. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік /заңды тұлғалар үшін/;

3) өтініш берушінің біліктілік деңгейінің лицензияланатын қызметтің тиісті түріне қойылатын талаптарға сәйкес екендігін растайтын мамандандырылған мемлекеттік кәсіпорын берген құжаттар;

4) санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы;

5) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін-экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы;

6) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін-өртке қарсы қадағалау органының қорытындысы;

7) қызметтің тиісті түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;

8) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруге лицензия алу үшін – өтініш берушінің стационарлық өндірістік үй-жайлар мен жабдыққа меншік құқығын растайтын құжаттар.

Осы тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген құжаттар бірінші басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен куәландырылған көшірмелерде ұсынылады.
Осы тармақтың 3) -6) тармақшаларында санамаланып көрсетілген құжаттардың өту мерзімі құжаттарды қабылдау күнінде оларды берген күннен бастап, 3 айдан аспау тиіс.

10. Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына арналған лицензия біліктілік деңгейі қызметтің осы түріне қойылатын талаптарға сәйкес келетін субъектіге беріледі.

11. Лицензия өтінішті барлық қажетті құжаттармен бірге берген күнінен бастап, бір айлық мерзімнен кешіктірілмей беріледі.

Лицензияны беруден бас тартылған кезінде қтініш берушіге лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдерде, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту - өтініш берушіге қолы койдырылып табыс етіледі немесе почтамен жіберіледі.

12. Лицензияға лицензиардың басшысы не осыған уәкілеттік берілген адам қол қояды және лицензиярдың мөрімен куәландырылады.

3. Біліктілік талаптары

13. Этил спирті мен /немесе/ алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:

1) этил спирті мен алкоголь өнімін өндірудің /бальзамдардан, коньяктардан, шарап шаруашылығы өнімінен және сырадан басқа/ әрбір технологиялық желіге жылына 200 мың далдан төмен емес көлемде өндіру мүмкіншілігі;

2) өндіруші әзірлеген өндіру паспорты;

3) спирт өлшейтін аппараттар /этил спиртін өндіруі кезінде/ және лицензиарға өндірілген көлемдер туралы ақпаратты автоматты түрде беруді қамтатмасыз ететін алкоголь өнімін /сыра мен газдалған алкоголь өнімінен басқа/ өндіру кезінде, лицензиар пломбылаған және белгіленген талаптарды қанағаттандыратын өндіру көлемдерін есепке алу приборлары;

4) қойма үй-жайлары - спирт сақтау қоймалары /этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру кезінде, оған этил спирті қолданылғанда/ этил спиртін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін ғана арналған және техникалық құжаттамаға сәйкес келетін мамандандырылған стационарлық үй-жайлары немесе алаңдары;

5) қойма үйжайлары - нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келетін тек алкоголь өнімін қабылдауды, сақтауды, босату мен есепке алуды жүзеге асыру үшін арналған мамандандырылған стационарлық үй-жайлары /алкоголь өнімін өндіруге лицензия алу үшін/;

6) шикізат пен өнімді өндіру мен сапасын химиялық және технологиялық бақылау бойынша өтініш берушіге атестатталған сынақ лабораториялары, ал жылына 100 мың декалитр қуаттылықтағы сыра зауыттары үшін - шикізат пен дайын өнімді өндіру сапасына химиялық және технологиялық бақылау жүргізуге арналған лабораториямен шарттың болуы;

7) өтінім беруші жүзеге асыруы үшін лицензия алуға талап қылған қызмет саласындағы техникалық құжаттаманың;

8) стационарлық коммуникациялардың - нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес өндірістің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ыстық және салқын сумен жабдықтаудың, бу - салқын электр жабдықтаудың және канализацияның;

9) таразы және өлшеу шаруашылығының;

10) алкоголь өнімін, өндірістің қосалқы өнімдерін, шикізатты, қосымша материалдарды, ыдыстарды нормативтік техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес сақтаудың жағдайлары;

11) өндірісті және сынақ лабораторияларын өлшеу құралдарымен метрологиялық қамтамасыз етуі;

12) өзіндік ерекшелігі бар жабдықпен өндірістің аппаратуралық-технологиялық схеманың, жабдықтарды орналастырудың жинақтамалық жоспарларының болуы керек.

14. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге стационарлық өндірістік үй-жайларда және меншік құқығында өндірушіге тиесілі жабдықтарда және тиісті біліктілік талаптарында жол беріледі.

Аталған үй-жайлар мен жабдықтарды жалдауға байланысты қызметті лицензиялауға жол берілмейді.
Этил спирті мен алкоголь өнімін екі және одан көп лицензиатқа бір және дәл сол жабдықта және дәл сол стационарлық үй-жайларда өндіруге тыйым салынады.

15. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензияны алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:

1) мамандандырылған үй-жайлар тек алкоголь өнімін сақтау, қабылдау мен босату үшін;

қосалқы үй-жайлар, ыдыстарды сақтау, өнімді сату, қабылдау-орауын ашу және орау-қаптау жұмыстары үшін, сондай-ақ тауар үлгілерінің стенд-витриналары;
инженерлік-техникалық үй-жайлар жабдықтарды сақтау, көтергіш-көлік тетіктерін қою, күзет және өрт дабылдамалары болмаған кезде өрт қызметі үшін және басқалар/;

2) осы тармақтың 1-тармақшасында көрсетілген мамандандырылған үй-жайларға автомобиль және темір жол кіре берістері;

3) коммуникациялық жүйелер - салқын сумен жабдықтау, канализация, жылу, электрмен жабдықтау, желдету, сондай-ақ өртке қарсы құралдар, өрт дабылдамалары /өрт күзеті/;

4) тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ететін техникалық құжаттама /санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері/.

5) стандарттау, метрология және сертификаттау органдарымен белгіленген тәртіпте келісілген өлшеу құралдары және оларды тексерудің кестесі;

6) сақтау кезінде сапасын жоғалтуына жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес келетін сақтау жағдайлары /температуралық режимді және басқа да өлшемдерді, тауарлық көршілестікті және сақтаудың өзге де жағдайларын ұстану/;

7) санитарлық-гигиеналық нормалар мен техника қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес жұмыс істеушілердің еңбек жағдайын қамтамасыз ететін арнаулы киімдер мен басқа қорғаныш құралдары;

8) сауда-делдалдық қызмет саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

16. Алкоголь өнімін сақтаумен және көтерме сатумен байланысты қызметке /сырадан басқа/ екі немесе одан да көп лицензиатқа бір үй-жайда тыйым салынады.

17. Алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасауға арналған лицензияны алу үшін өтініш берушіде мыналар болуы тиіс:

1) стационарлық үй-жайлар, сумен жабдықталған, энергиямен жабдықталған, канализациясы /ауылдық жерлердегі елді мекендерден басқа/, өртке қарсы қондырғылары, күзет дабылдамалары бар, яғни іргесі бар, оларды қозғау өздерінің құрастырмаларына зиян келтірусіз мүмкін емес күрделі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөліктері.
Стационарлық үй-жайда мынадай топтарға бөлінетін үй-жайлардың жиынтығы болуы тиіс;
сауда үй-жайы /сауда залы, яғни жұмыс тауарлары мен көрмелік запастары қойылатын, сондай-ақ сатып алушылар тауарларды таңдап алу жүзеге асырылатын, таңдап алынған тауарларға есеп айырысу операциялары, сатып алушыларға түрлі қосымша қызметтер көрсетілетін үй-жай/. Сауда залына, сондай-ақ ресторандарға, кафе, барларға келушілерге қызмет көрсету залдары да жатады;
қабылдауға, сақтау мен тауарларды сатуға дайындауға арналған үй-жай /бұларға: тауарларды сақтауға арналған қабылдау бөлмелері, түсіру орындары, шағын қоймалар, тауарларды сатуға, дайындауға арналған үй-жайлар, орау-қаптау және жинақтау орындары да жатады/;
қосалқы үй-жайлар /ыдыстар мен контейнерлерді сақтауға арналған үй-жай, ыдыстарды қабылдауға арналған үй-жай/;
әкімшілік- тұрмыстық үй- жай;
техникалық учаскелер /желдеткіш камералар, ауаны салқындату камералары және басқалар/.

2) фискальдық жады бар бақылау-касса аппараттары;

3) алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасаумен айналысатын субъектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен техникалық құжаттама /санитарлық нормалар мен ережелер, ГОСТ-тар, өрт қауіпсіздігі қоршаған ортаны қорғау нормалары мен ережелері және басқалар/;

4) стандарттар мен техникалық шарттардың міндетті талаптарының сапасына сәйкес келетін сатуда бар тауарды қоюға арналған витриналар /аспалы, арнаулы/, сөрелер және басқалар;

5) сақтау кезінде сапасының жоғалуына жол бермейтін белгіленген талаптарға сәйкес келетін сақтау жағдайлары /температуралық режим мен басқа да өлшемдерді, тауарлардың көршілестігін және сақтаудың басқа да жағдайларын ұстану/.

4. Лицензияны беруден бас тарту, қолданылуын тоқтату, оны қайтып алу және тоқтата тұру

18. Лицензия егер:

1) субъектілердің аталмыш санаттарына қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынса;

2) лицензиялау үшін талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмаса. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезінде өтініш жалпы негіздерде қаралады;

3) өтініш беруші белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермесе;

4) өтініш берушіге қатысты соттың оның қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынатын шешімі болса;

5) лицензиялық алым төленбесе берілмейді.

19. Лицензияны беруден бас тартуға:

1) өтініш берушіге лицензияланатын қызметті жүзеге асыру құқығын берудің орынсыздығы;

2) рыноктың өндіру не сату үшін лицензия талап етілетін тауарлармен /жұмыстармен, қызмет көрсетулермен/ мол қамтылғаны;

3) рынокта монополды жағдайды қамтамасыз ету;

4) өтініш берушінің жеке басының қасиеті мен іскерлік беделіне күмәндану себептері бойынша, оның ішінде бұрынғы сотталғандығы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, бұрынғы лицензияларды қайтып алу себептері бойынша, егер бұл тыйым салулар мен қайтып алулар заңдарда белгіленген тәртіппен өзінің қолданылуын тоқтатқан /өтеген/ болса тыйым салынады

20. Лицензия өзінің қолданылуын лицензиялау туралы заңда көзделген жағдайларда ғана тоқтатады.

21. Лицензияның қолданылуының тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешеді.

22. Лицензия:

1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған;

2) сот лицензиатқа ол лицензияда жүзеге асыратын қызметтің түрімен айналысуға тыйым салған;

3) лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған жағдайда заң актілерімен өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен қайтып алынуы мүмкін.

23. Лицензиаттың лицензиядағы талаптарды орындамауы лицензиар жүргізетін тексерулер арқылы анықталады.

24. Лицензиар лицензияның қолданылуын мынадай жағдайларда:

1) заңды немесе лицензиялау тәртібін бұзғанда;

2) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымының көлемдерін декларациялаудың белгіленген тәртібін бұзғанда;

3) лицензиар құзыретінің шектеріндегі талаптарды орындамағанда;

4) этил спирті мен алкоголь өнімін заңның талаптарын бұза отырып өндіргенде;

5) этил спирті мен алкоголь өнімін стандарттардың талаптарына сәйкестікте емес өндіргенде немесе сатқанда;

6) лицензиарға мәліметтерді беруден бас тартқанда немесе кәміл емес ақпаратты бергенде;

7) акциздерді ұдайы төлемегенде;

8) алкоголь өнімін таңбалаудың тәртібін бұзғанда;

9) этил спирті мен алкоголь өнімін лицензияда көрсетілмеген мекен-жайда өндіргенде, сақтағанда немесе сатқанда;

10) этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру мен айналымының көлемі туралы декларацияларды бұрмалағанда және белгіленген мерзімдерде бермегенде;

11) лицензиат дәрменсіз болғанда;

12) этил спиртін сатудың, алкоголь өнімін көтерме және бөлшек сатудың ережелерін бұзғанда;

13) сатуда шығу тегі белгісіз алкоголь өнімі анықталғанда;

14) бөлшек саудамен айналысатын субъектілер алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы жоқ шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алғанда себептерін көрсете отырып, алты айға дейін мерзімге тоқтата тұруға құқылы.

25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарау лицензиаттың қатысуымен тексерулердің нәтижелері бойынша жүргізіледі.

26. Лицензиат қолы қойдырылып немесе почта арқылы мәлімделіп /құлақтандырылып/ лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарайтын күн және орны туралы хабарландырылады.

27. Лицензиат келмеген жағдайда лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімді лицензиар оның қатысуынсыз қабылдайды.

28. Лицензиардың лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімі лицензиатқа қолы қойдырылып тапсырылады не почтамен /құлақтандырудың/ жіберіледі.

29. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың себептерін лицензиат жойған соң лицензия қолданылуы қайта басталады, бұл туралы лицензиатқа жазбаша түрде қолы қойдырылып не почта арқылы хабарламамен /құлақтандыру/ мәлімдемеледі.

30. Лицензияның қолданылуын кайта бастау туралы шешімді лицензиар жүргізілген тексеруден соң қабылдайды.

5. Лицензияларды есепке алу және лицензияланатын қызметті бақылау

31. Лицензияларды есепке алу мен лицензиялық ережелердің сақталуын бақылауды лицензиар жүзеге асырады.

32. Тексерулерді жүргізудің және олардың нәтижелерін ресімдеудің тәртібін лицензиар белгілейді.

6. Лицензиаттың құқықтары мен міндеттері

33. Лицензиат:

1) лицензияны тоқтата тұру, тоқтату немесе қайтып алу мәселелері бойынша барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар осы материалдарды қараған кезінде қатысуға;

2) лицензия беруден бас тарту туралы шешімге;

лицензияның қолданылуы туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға;

3) заңдарға сәйкес езге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

34. Лицензиат /лицензияланатын қызметтің барлық түріне қойылатын лицензиаттардың жалпы міндеттері/:

1) санитарлық, экологиялық, өрт қауіпсіздігінің нормативтік құқықтық актілерін және басқа да заңдардың талаптарын сақтауға;

2) өндірілген этил спирт мен алкоголь өнімін стау кезінде және лицензиар белгілейтін нысан бойынша алкоголь өнімін көтерме сату кезінде көлік құжатын ресімдеуге;

3) жұмыстарды, қызмет көрсетулерді тиісті мемлекеттік орган айналымын шығарып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда оларды сатуды дереу тоқтатуға;

4) белгіленген үлгідегі сәйкестік сартификаты /және белгілері/ бар алкоголь өнімін белгіленген тәртіппен таңбаланған акциз алымы таңбаларымен сатуға;

5) тиісті стандарттардағы этил спирті мен алкоголь сондай-ақ зиянды қоспалардың жол берілетін шекті шоғырын сақтай отырып сатуға міндетті.

35. Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруге лицензиясы бар лицензиат.

1) тек тамақ шикізатынан өндірілген этил спиртін қолдануға;

2) тоқсан сайын кемінде 50 мың дал этил спиртін және /немесе/ арақ және ликер-арақ өнімін өндіруге;

3) алкоголь өнімін /сырадан басқа/ көтерме сатып алушыға алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға лицензиясын көрсетуі кезінде ғана немесе өзінің фирмалық мамандандырылған дүкендері арқылы сатуға;

4) рецептурасы немесе технологиялық процесі өзгерген кезінде, өнімнің жаңа түрлері өндірілген кезінде этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу жөніндегі органда технологиялық нұсқаулық пен рецептураны

5) өндірісті химиялық, технологиялық және микробиологиялық бақылаудың тиісті журналық есебін, өндірістің есебін, сондай-ақ берушілер мен тұтынушылар тұрғысында этил спирті мен алкоголь өнімі айналымының есебін қамтамасыз етуге;

6) этил спиртін сенімхаттың негізінде және жеке басын куәландыратын куәлігін көрсетуі кезінде тек этил спиртін бірінші басшылардың бұйрықтарымен алуға уәкілеттік берілген адамдарға сатуға;

7) өндірістік қуаттар өзгерген жағдайда;

ұлғайған кезінде - қызметті лицензиар бекіткен өндірістің паспорты болуы кезінде жаңадан қосылған қуаттарда жүзеге асыруға;
азайған кезінде - қызметті лицензиар өндірістің паспортын бекіткен соң жүзеге асыруға;

8) алкоголь өнімін өндіретін жерлерден тысқары жерде орналасқан қойма үй-жайлар болған кезінде алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуды белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған кезінде ғана жүзеге асыруға. Егер көрсетілген қойма үй-жайлары заңды тұлғаның филиалының мүлкіне жататын жағдайда, алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуда лицензиардың тиісті рұқсаты болған кезінде жүзеге асыруға міндетті.

36. Алкоголь өнімін /сырадан басқа/ сақтау мен көтерме сатуға лицензиясы бар лицензиат:

1) алкоголь өнімін көтерме сатуда алкоголь өнімін сақтауға, қабылдау мен босатуға ғана арналған, біліктілік талаптарына жауап беретін үй-жайлардан, сатып алушы алкоголь өнімін сақтау мен көтерме сатуға арналған лицензиясыз немесе алкоголь өнімімен бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясын көрсеткен кезінде ғана жүзеге асыруға;

2) берушілер мен тұтынушылар тұрғысында тиісті журналдық есепті қамтамасыз етуге міндетті.

37. Алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауда жасауға арналған лицензиясы бар лицензиат:

1) алкоголь өнімімен /сырадан басқа/ бөлшек сауданы сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда ғана не стационарлық үй-жайлардың жанындағы және фискальдық жады бар бақылау-касса аппаратымен жарақталған жаздық алаңшаларда жүзеге асыруға;

2) сатылатын алкоголь өніміне арналған сәйкестік сертификатының түпнұсқасы немесе белгіленген тәртіппен куәландырылған оның көшірмесі болуы міндетті.

38. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәріханаларда этил спиртін сатуды қоспағанда, этил спирті бөлшек саудада сатуға тиым салынады.

39. Филиалдарын ашқан кезінде лицензиат белгіленген тәртіппен этил спиртін өндіруге, алкоголь өнімін өндіруге, сақтау мен көтерме сатуға лицензиардың рұқсатын алуға міндетті. Көрсетілген рұқсатты алу үшін лицензиат осы Тәртіптің 9-тармағының 1, 6, 8-тармақшаларында айтылған құжаттарды әрбір филиал үшін ұсынады.
Лицензияның қосымшасында өтініш беруші қызметтің – лицензияланатын түрін жүзеге асыруға құқығы бар әрбір филиал туралы мәліметтер болады.

7. Лицензиаттың жауапкершілігі

40. Өтініш беруші лицензия алу үшін өзі ұсынған құжаттардың ақиқаттығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауап береді.

41. Лицензиат қызметті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін заңдарда белгіленген тәртіппен жауап береді.

Қызметті этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және айналымы бойынша тиісті лицензиясыз жүзеге асырудан алынған кіріс Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті бюджетке алынып қойылуға жатады.