Құжат мәтініне өту

Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Қаулы · № 1343 · қабылданған 01.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48335/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 1343 ·01.10.2009
29.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1343 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы
Атауы (қаз.)
Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1343
Қабылданған күні
01.10.2009
Көрсетілген редакция
29.01.2010 · қолданыстағы AI48335_1.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VN000095
ЭКБ идентификаторы
48335
Редакция идентификаторы
AI48335_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:19

0 Жастарды әлеуметтік қорғау шаралары туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңының 5 бабына, 7 бабының 4), 6)тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» № 581 Заңының 4 бабының 5 тармағының 1), 2) тармақшаларына, 5 бабының 2), 11) тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 13), 14) тармақшаларының негізінде Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған түлектер санынан жұмыссыз жастарды (бұдан әрі- Қатысушылар) жұмысқа орналастыруға ықпал жасау бойынша, жастар іс-тәжірибесі түрінде, әлеуметтік қорғау шаралары қабылдансын.

2 2. Жастар іс тәжірибесі мекемелерде, кәсіпорындарда (бұдан әрі «Жұмыс беруші») ұйымдастырылып өткізіледі. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі «Бөлім») «Жұмыс берушімен» келісім шарт негізінде бірлесіп әрекет жасасын.

3 3. Кәсіпорындар жөнінде жиналған ақпаратты қорыту және талдау негізінде оқу орындарын бітірген жұмыссыздар жастар іс тәжірибесіне қатысу үшін іріктелсін. Іріктеу критерийлері:

1 1) Қатысушылардың жұмыссыз ретінде «Бөлімде» есепте тұрғаны;

2 2) Қатысушыларға іріктеп алу мерзімінде қолайлы жұмыстың болмағаны;

3 3) жасы 29 жасқа дейін.

4 4. Қатысушылар жастар іс-тәжірибесіне 6 айға дейін жіберіледі.

5 5. Жастар іс тәжірибесінің қаржылануы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуына бекітілген шығындар сметасына сәйкес аудан бюджеті есебінен жүргізілсін.

6 6. Жастар іс тәжірибесіне Қатысушының еңбек ақысы келесі мөлшерде жүргізілсін:

1 1) техникалық және кәсіптік оқу орындарын бітіргендерге 1,2 айлық ең төменгі жалақы;

2 2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу орындарын бітіргендерге 1,5 айлық ең төменгі жалақы.

7 7. «Жұмыс беруші» Қатысушыға өз есебінен қосымша төлем жасай алады.

8 8. Қатысушылардың еңбек төлемі «Бөліммен» олардың жеке шоттарына аудару арқылы жүргізілсін.

9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ә. Әлхановқа жүктелсін.

10 10. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы