Құжат мәтініне өту

Шектеу қою туралы

Қаулы · № 257 · қабылданған 21.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48414/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Шектеу қою туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 257 ·21.10.2009
25.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Шектеу қою туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 257 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Шектеу қою туралы
Атауы (қаз.)
Шектеу қою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
257
Қабылданған күні
21.10.2009
Көрсетілген редакция
25.11.2009 · қолданыстағы AI48414_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZH000092
ЭКБ идентификаторы
48414
Редакция идентификаторы
AI48414_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:13

0 Шектеу қою туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 18 тармақшасын, "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағы 9 тармақшасын басшылыққа алып, Казталов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы орынбасарының 2009 жылдың 20 қазанындағы N 643 санды ұсынысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қараоба ауылдық округінің "Өзен бойы - 2" нүктесінің тұрғыны Н. Мырзабаевтың жеке шаруашылығындағы ірі қара малынан "Пастереллез" ауруы шығуына байланысты және ауру ошағы деп танылғандықтан Қараоба ауылдық округінің "Өзен бойы - 2" нүктесіне шектеу қойылсын.

2 2. Осы аталған нүктеден мал өнімдерін шығаруға және малдың әкелініп-әкетілуіне жол берілмесін.

3

3. Шектеудің шарттары бойынша шараларды жүзеге асыру Қараоба ауылдық округінің әкімі Г. Селеноваға және Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Казталов аудандық аумақтық инспекциясының бастығы А. С. Малаховқа (келісім бойынша) ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. И. Құтқожинге жүктелсін.

Қолданыстағы