Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста

Бұйрық · № 478 · қабылданған 28.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48426/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста Күшін жойған Бұйрық ·№ 478 ·28.09.2009
15.07.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.07.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста

Күшін жойған Бұйрық ·№ 478 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил организации скрининга и диагностики нарушений слуха у детей раннего возраста
Атауы (қаз.)
Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
478
Қабылданған күні
28.09.2009
Көрсетілген редакция
15.07.2016 AI48426_2.kaz
Соңғы өзгеріс
15.07.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005828_
ЭКБ идентификаторы
48426
Редакция идентификаторы
AI48426_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:21

0 Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы

"Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында және ерте шақта балалардың есту қабілеті бұзылуларын уақтылы айқындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріп отырған Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.

2 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):

1

1) жаңа туған нәрестелерге және бір айлық балаларға – перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда және жаңа туған нәрестелердің патологиялары және шала туған балаларға күтім жасайтын ірі бөлімшелерде (30 төсектен астам), ерте шақтағы балаларға – алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарында есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын уақтылы жүргізуді;

2 2) денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлерін жаңа туған нәрестелер және ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді үйренуге жіберуді;

3 3) есту функциясы бұзылған балаларды аумақтық немесе республикалық сурдологиялық кабинеттерге тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберуді;

4

4) оңалту шараларын (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантанттау, сурдопедагогикалық сабақтар) уақтылы өткізуді, оның ішінде есту функциясы бұзылған балаларды есту-сөйлеуін оңалтудың барабар жағдайларын анықтау үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберуді қамтамасыз етсін.

3 3. Республикалық ана мен бала денсаулығын сақтау ұйымдарының басшылары жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізуді қамтамасыз етсін.

4 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмилдин Ф.Б.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

12 Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 28 қыркүйектегі
N 478 бұйрығымен бекітілген
Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру ережесі
Осы ереже "Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343–II Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасының ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібін реттейді (бұдан әрі – Ереже).
Ереже меншік нысанына қарамастан, сурдологиялық көмек көрсетуші ұйымдарға таралады.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Скрининг – бұл алдын алу мақсатындағы әмбебап зерттеу, ол барлық тексерілгендердің ішінен скринингтің нысаны болып табылатын бұзылу мүмкіндігі жоғары индивидуумдарды айқындауға арналған.

2

2. 3 жасқа дейінгі балалардың есту функциясы бұзылуының скринингі мен диагностикасы әртүрлі дәрежедегі және этиологиядағы біржақты және сонымен қатар екіжақты төмендеуі бар пациенттермен уақтылы түзету жұмысын жүргізу үшін туа біткен және ерте пайда болған кереңдікті анықтау мақсатында жалпы стандартталған тексерумен түсіндіріледі.

3

3. Есту скринингі немесе аудиологиялық скрининг жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын анықтаудың жалғыз және тиімді әдісі болып табылады, бұл нәрестенің мінез-құлық реакциясына қармастан субъективтік және объективтік аудиологиялық тестердің яғни қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу (бұдан әрі – ҚОАЭ) жүйесін пайдалана отырып жүргізіледі.

2 2. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасының мақсаттары мен міндеттері

4 4. Есту қабілеті бұзылулары скринингі ерте шақтағы балалардың есту органдарының патологиясын уақытылы айқындау мақсатында қолданылады.

5 5. Ерте шақтағы балаларға есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) жүргізудің міндеттері:

1 1) балалардың есту қабілетінің патологиялары мен бұзылуларын жаңа туылған кезінен бастап ерте айқындау;

2 2) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және емдік көмек көрсету үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға) жіберу;

3 3) есту функциясының бұзылу қаупі бар балаларды тереңдете тексеру және түзету-дамыту оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу;

4 4) есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;

5 5) есту қабілеті бұзылған науқастар мен олардың есту органдарын протездеуге, кохлеарлық имплантацияға және есту-сөйлеуін оңалтуға қажеттіліктері туралы деректер қорын құру үшін тексерілген балаларды есепке алып отыру.

3 3. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті бұзылуының скринингін және диагностикасын ұйымдастыру тәртібі

6

6. Есту қабілеті бұзылуының скринингі және диагностикасы перзентханада немесе босану бөлімшесінде барлық жаңа туған нәрестелерге туғаннан кейін 2-3-ші тәулігінде неонатолог-дәрігер немесе арнайы оқытылған мейірбике жүргізеді. Жекелеген жағдайда баланың денсаулығына байланысты скрининг күтімнің 2-ші кезеңінде жүргізіледі.

7 7. Жаңа туған нәрестелерді есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес анамнез жинауды және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сондай-ақ, осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тежелген ҚОАЭ әдісімен аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды.

8 8. Есту қабілеті скринингінің нәтижелері және құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары туралы мәліметтер жаңа туылған нәрестенің даму тарихына (N 097/у нысаны) жазылады және босану мекемесінен шығу қағазында көрсетілуге тиіс.

9

9. Есту қабілеті скринингін (аудиологиялық скрининг) теріс нәтижемен өткен, қауіп факторлары жоқ және невропатолог пен басқа да мамандардың байқауға мұқтаж емес балалардың бұдан әрі есту қабілетін зерттеу 10-тармаққа сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген скринингтік тексеру нәтижесінде есту қабілетінің бұзылу қаупі және есту функцияларының бұзылулары анықталған жағдайда жаңа туған нәресте тереңдете аудиологиялық тексеру үшін сурдологиялық кабинетке жіберіледі.

10 10. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі балалар емханасында және басқа да алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (бұдан әрі – АМСК) ұйымдарында төмендегі декреттелген мерзімдерде жүргізіледі:

1 1) 1 жасқа дейінгі балаларға – тоқсан сайын;

2 2) 3 жасқа дейінгі балаларға – алдыңғы скрининг нәтижелеріне қарамастан, жылына 2 рет.

11 11. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингін АМСК ұйымының дені сау балалар кабинетінің медициналық қызметкері жүргізеді.

12 12. Ерте шақтағы балалардың есту қабілетінің скринингі: осы бұйрыққа 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес анамнез жинауды, құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторларын айқындауды, сауалнама-сұрақтарды толтыруды және ҚОАЭ тіркеу әдісімен объективті аудиологиялық скрининг жүргізуді қамтиды.

13 13. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес АМСК мекемелерінің дені сау балалар кабинетінің медицина қызметкері мен учаскелік педиатр скринингтік тексеру мен тереңдетілген аудиологиялық тексеру көрсетімдерін салыстыруы тиіс.

14 14. Баланы есту қабілетін тереңдете тексеруге жіберу үшін көрсетімдер:

1 1) құлақ мүкістігі бойынша негізгі қауіп факторларының болуы (жақын туыстарында есту қабілетінің бұзылуы, жүктілік кезеңінде анасының жұқпалы және вирусты аурулармен ауыруы, 20 ммоль/л астам билирубині бар гипербилирубинемия, туған кездегі салмағы 1500 граммнан кем, жақ-бет сүйегінің патологиясы);

2 2) дыбыстарға реакциясы жоқ, реакциясы тұрақсыз немесе тек қатты дыбыстарға ғана реакция;

3 3) атын атағанда реакциясы жоқ немесе тұрақсыз (бірде бар, бірде жоқ) немесе кеш пайда болды;

4 4) былдырлауы жоқ немесе біртекті, жұтаң, 6 айдан кейін жаңа дауыссыздар пайда болмайды;

5 5) алғашқы сөздері 2 жастан кейін, бірінші сөйлемдері – 2,5 жастан кейін пайда болады (есту қабілетін аз немесе орташа жоғалтқан жағдайға тән);

6 6) айтылған өтініштерді түсінуі нашар;

7 7) сөйлеу тілін ыммен көрсетуі оны түсінуді жеңілдетеді;

8 8) бала жиі қайталап сұрайды;

9 9) қаратып айтқан кезде айтушының бетіне қарауға тырысады, өйткені бұл сөйлеу тілін түсінуін жеңілдетеді.

15

15. Көрсетімдері болған (қауіп факторлары айқындалған, аудиологиялық скринингтің "ӨТПЕДІ" деген нәтижесі) кезде жаңа туған нәресте есту қабілеті төмендегенін растау және оның сипаты мен дәрежесін анықтау мақсатында тереңдете аудиологиялық тексеру жүргізу үшін өңірлік немесе республикалық сурдологиялық кабинетке жіберіледі.

16 16. Ерте шақтағы балалардың есту қабілеті скринингінің нәтижелері баланың даму тарихында және ведомстволық статистикалық есептілікте (N 31 нысан) көрсетілуге тиіс.

17

17. Есту қабілетінің төмендеуі расталған жағдайда бала оған уақтылы және барабар медициналық көмек көрсету (консервативтік емдеу, есту органдарын протездеу, кохлеарлық имплантация) және есту-сөйлеуін оңалту мақсатында БМСК ұйымдарында және аймақтық сурдологиялық кабинетте диспансерлік есепке алынады.

18 18. Баланы тереңдете аудиологиялық тексеру қысқа латентті қайтарылған есту потенциалдарын тіркеуге және отоакустикалық эмиссияны тіркеуге негізделген акустикалық импендансометрияны, объективті аудиометрияны қамтуға тиіс.

19 19. Есту функциясы бұзылған бала есту-сөйлеуін оңалтуға барабар жағдайларды анықтау үшін міндетті түрде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жіберілуі керек.

20 20. Ілесе жүретін психоневрологиялық бұзылулардың болуы есту қабілетін объективті және субъективті әдістермен кешенді тексеру жүргізуге қосымша негіздеме болып табылады.

1 Жаңа туған нәрестелерге және ерте шақтағы балалардың құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары

Ерте шақтағы балалардың есту
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 1-қосымша
Жаңа туған нәрестелерге және ерте шақтағы балалардың құлақ мүкістігі мен саңыраулығы бойынша қауіп факторлары
N
Қа­уіп фак­тор­ла­ры
1
Ер­те, кеш және ұзақ өте­тін ге­сто­здар
2
Ток­си­коз­дар және жүк­ті­лік­ті үзіп та­стау қа­у­пі
3
Ана мен ша­ра­на­ның ре­зус-кел­іс­пе­у­ші­лі­гі
4
Жа­тыр­да­ғы жа­ңа тү­зі­лім­дер, ци­то­ста­тиктер­ді қол­да­ну
5
Ана­ның жүк­ті­лік ке­зін­де жұқ­па­лы және ви­ру­сты ау­ру­лар­мен ауы­руы (қы­за­мық, қы­зы­л­ша, тұ­мау, ан­ги­на, ци­то­ме­га­ло­ви­рус, гер­пес, ток­со­плаз­моз, хла­ми­ди­оз, три­хо­мо­ни­аз, АҚТҚ және бас­қа­лар)
6
Ана­ның жүк­ті­лік ке­зін­де және ба­ла­ның қа­был­дай­тын ото­ток­син­ді пре­па­рат­та­ры (ами­но­гли­ко­зид­тер қа­та­рын­да­ғы ан­ти­био­тиктер – стреп­то­ми­цин, блео­ми­цин, мо­но­ми­цин, ка­на­ми­цин, ген­та­ми­цин, неоми­цин және бас­қа­лар), дә­рі­лік пре­па­рат­тар – фу­ро­се­мид, ас­пи­рин, хи­нин)
7
Қан азды­ғы, қант диа­бе­ті, ти­рео­ток­си­коз
8
Шұ­ғыл, ке­шік­кен, уа­қы­ты­нан бұ­рын, со­зы­л­ған боса­ну­лар
9
Ша­ра­на­ның ал­ға қа­рай құй­ры­ғы­мен және жам­ба­сы­мен жа­туы
10
Ба­ла жол­да­сы­ның (пла­цен­та) ор­та­лық ор­на­ла­суы, ба­ла жол­да­сы­ның іші­на­ра ар­шы­луы, қан ке­ту
11
Аку­шер­лік қы­сқы­штар­ды са­лу
12
Ке­сарь ті­лі­гін жа­сау
13
Ша­ра­на­ны қы­сып та­стау
14
Нә­ре­сте­нің тұн­шы­ғып туы­луы (ас­фик­сия)
15
Бас сүй­е­гі ішін­де­гі босан­ды­ру жа­ра­қа­ты
16
Ги­пер­би­ли­ру­би­не­мия (20 ммоль/л астам)
17
Жа­ңа ту­ған нә­ре­сте­нің ге­мо­ли­ти­ка­лық ау­руы
18
Ту­ған кез­де­гі дене сал­ма­ғы 1500 грамм­нан кем
19
Мер­зі­міне жет­пей ту­уы, Ап­гар шка­ла­сы бой­ын­ша тө­мен балл
20
40 ап­та­дан астам ге­ста­ци­я­лық жас (мер­зі­мі­нен асып ке­ту)
21
Жақ-бет сүй­е­гі­нің па­то­ло­ги­я­сы
22
Ба­ла­ны ту­ған­нан кей­ін ре­ани­ма­ци­я­лау және қар­қын­ды те­ра­пия жа­сау
23
Ана­сы­ның жа­сы 40-тан ас­қан (кеш боса­ну)
24
Ана­сын­да­ғы есту ана­ли­за­тор­ла­рын за­қым­дай­тын тұқым қу­а­ла­у­шы­лық ау­ру­лар (Ва­ар­ден­бург син­дро­мы, Ушер син­дро­мы, ото-па­ла­то-қоз­ға­лыс син­дро­мы және бас­қа­лар)
25
Ата-ана­сын­да және жа­қын туы­сқан­да­рын­да құ­лақ мү­кі­сті­гі­нің бо­луы

2 Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен ерте шақтағы балаларға есту қабілетін бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізу тәртібі

Ерте шақтағы балалардың есту
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 2-қосымша
Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу әдісімен ерте шақтағы балаларға есту қабілетін бұзылуының скринингін және диагностикасын жүргізу тәртібі
Тежелген қайтарылған отоакустикалық эмиссияны тіркеу балалардың есту қабілетін скринингтік тексеруді жүргізуге арналған.

1 1. Баланы тексеруге дайындау.

Сыртқы есту жолы құлықтан немесе туғаннан кейінгі жағындыдан тазартылуы керек. Бала өлшемдерді жүргізген кезде бастың ыңғайлы орналасуын қамтамасыз ететіндей жатуға тиіс. Өлшемдердің ең жақсы нәтижесін алу үшін бала тыныш жағдайда қимылсыз жатуға тиіс, тест өткізу кезінде жыламауы немесе айқайламауы керек.

2 2. Аспапты жұмысқа дайындау.

Тестік салымша баланың сыртқы есту жолының өлшеміне қарай іріктеліп алынуы тиіс. Тестік салымша сынаманың ұшына нығыздап кигізіледі.

3 3. Тексеруді жүргізу.

Тесті жүргізу кезінде аспап дәрігердің қолында болуы керек. Аспапты оның беткі тақтасының төменгі пернесін басып іске қосуға болады. Сосын сынама сыртқы есту жолына абайлап енгізіледі. Сынама баланың сыртқы есту жолында нығыз және ыңғайлы орналастырылуы керек.
Тестіленетін құлақты таңдау сол жақ L пернесін (сол құлағы тестіленеді) немесе оң жақ R пернесін (оң құлағы тестіленеді) басқан кезде жүреді. Прибор автоматты түрде жұмыс істей бастайды.
Тест өткізілетін үй-жайда тып-тыныш болуы керек.

4 4. Тексеру нәтижелерін түсіндіру.

Тест дұрыс аяқталғанда аспаптың экранында "ӨТТІ" деп жазылады. Бұл жағдайда пациенттің есту функциясының жай-күйі сақталған.
Егер экранда "ӨТПЕДІ" деген жазу шықса, бұл отоакустикалық эмиссия тіркелмегенін білдіреді, онда пациент қауіп тобына жақызылып, тереңдетілген аудиологиялық тексеруге жіберілуі керек.

3 Сауалнама-сұрақтар

Ерте шақтағы балалардың есту
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 3-қосымша
Сауалнама-сұрақтар
N
Бай­қау ре­ак­ци­я­сы
жа­сы
иә
жоқ
1
Ба­ла қат­ты ды­быс­қа селк ете ме?
2-3 ап­та
2
Да­уы­стың ды­бысы шық­қан кез­де ба­ла қалт тұ­рып қа­ла ма?
2-3 ап­та
3
Ба­ла ар­ты­нан шық­қан да­уы­стың ды­бысы­на бұ­ры­лып қа­рай ма?
1 ай
4
Ұйқ­тап жа­тқан ба­ла қат­ты шық­қан ды­быс пен да­уы­стан ма­за­сызда­на ма?
3 ай
5
Ды­быс шы­ға­ра­тын ой­ын­шық­қа неме­се да­уы­сқа ба­сын бұ­ра ма?
4 ай
6
Ба­ла ана­сын көр­мей тұ­рып, оның да­у­сы­на қи­мыл­дап ке­те ме?
1-3 ай
7
Ба­ла ке­нет шық­қан қат­ты ды­быс­қа ай­қай­лап неме­се кө­зін кең ашып әсе­рін көр­се­те ме?
1,5 - 6 ай
8
Ба­ла уіл­деп ды­быс шы­ға­ра ала ма? Осы ды­быст­ар бір­кел­кі ме, әл­де эмо­ци­я­лық рең­ді ме?
2-4 ай
9
Уіл­деу был­дыр­ла­у­ға ауы­са ма (ба, па, ма буын­да­ры­ның пай­да бо­луы және олар­дың бі­р­із­ді­лі­гі)?
4-6 ай
10
Ата-ана­сы­ның кел­ге­ніне эмо­ци­я­лық был­ды­ры пай­да бо­ла ма?
5-6 ай
11
Ба­ла­да жа­ңа буын­дар пай­да бо­ла ма?
8-10 ай
12
Ба­ла өзі­нің аты­на бұ­ры­лып қа­рай ма?
6-7 ай­дан үл­кен
13
Ба­ла оңай өті­ніш­тер­ді ("Ма­ма қай­да?", "До­пты бер" және т.с.с.) тү­сіне ме (орын­дай ма)?
8-10 ай
14
Ба­ла­да жа­ңа сө­здер пай­да бо­ла ма (қан­дай)?
1 жас
15
Ба­ла­да екі сө­зден тұ­ра­тын сөй­лем­дер пай­да бо­ла ма?
1,5–2 жас
16
Ба­ла­ға та­ныс заттар­дың атын ата­ған ке­зі­ң­із­де, олар­ды көр­се­те ме, сө­здер мен сөй­лем­дер­ді қай­та­лай ма?
1,5–2 жас
17
Ба­ла қа­ты­нас жа­са­ған кез­де ым мен иша­ра­ны пай­да­ла­на ма?
2 жас
18
Әр түр­лі шу­лар­ға на­зар ауда­ра ма?
2 жас
19
Қа­ра­пай­ым сөй­лем­дер­ді құ­рай ма?
2-3 жас
20
Қа­ты­нас жа­сау ке­зін­де ба­ла оны­мен сөй­лес­кен адам­ның бе­тіне қа­ра­у­ға ты­ры­са ма?
2 жастан үл­кен

4 Туғаннан үш жасқа дейінгі балаларда есту және сөйлеу қабілеттерінің даму бұзылуларының белгілері

Ерте шақтағы балалардың есту
қабілеті бұзылуының скринингін
және диагностикасын ұйымдастыру
ережесіне 4-қосымша
Туғаннан үш жасқа дейінгі балаларда есту және сөйлеу қабілеттерінің даму бұзылуларының белгілері
Жа­сы
Ба­ла­ны тек­се­ріп қа­ра­ған кез­де ай­қын­да­ла­тын бұ­зы­лу­лар­дың ди­а­гно­сти­ка­лық бел­гі­ле­рі
Ұсы­ны­стар
1
2
3
1 ай
Естуі: қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу ке­зін­де неме­се бұр­шақ са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: жұ­туы мен ему­і­нің бұ­зы­лу­ла­ры
Есту қа­бі­ле­тін зерт­те­удің объ­ек­тив­ті әді­сте­рін пай­да­ла­на оты­рып, сур­до­ло­ги­я­лық ка­би­нет­те/ор­та­лық­та, ПМПК-де тек­се­ру.
Нев­ро­па­то­лог­тың бай­қа­уын­да бо­лу.
3 ай
Естуі: қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу ке­зін­де неме­се бұр­шақ са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: уіл­де­ме­уі, үнін өзгерт­пей уіл­де­уі, жұ­туы мен ему­і­нің бұ­зы­лу­ла­ры (ата-ана­сы­нан сұ­рау).
Есту қа­бі­ле­тін зерт­те­удің объ­ек­тив­ті әді­сте­рін пай­да­ла­на оты­рып, сур­до­ло­ги­я­лық ка­би­нет­те/ор­та­лық­та, ПМПК-де тек­се­ру.
ПМПК-де кон­суль­та­ция бе­ру, сөй­ле­уі да­муы­ның те­же­лу се­бе­бі жө­нін­де нев­ро­па­то­лог­тың бай­қа­уын­да бо­лу.
6 ай
Естуі: қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу ке­зін­де неме­се бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: был­дыр­ла­удың және өз аты­на ре­ак­ци­я­ның бол­мауы, ды­быс қат­ты­лы­ғы мен ре­ңін өзгерт­пей был­дыр­лау, жұ­ту­дың бұ­зы­луы, қат­ты та­м­ақ­қа көш­кен кез­де­гі қиын­дық­тар. Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
9 ай
Естуі: қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу ке­зін­де неме­се бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: Оңай сө­здер­ді тү­сін­бе­уі ("Ма­ма қай­да?", "Па­па қай­да?"), шай­на­уда, жұ­ту­да про­бле­ма­ла­ры. Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
1 жас
Естуі: қай­та­ры­л­ған ото­аку­сти­ка­лық эмис­си­я­ны тір­кеу ке­зін­де неме­се бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: 2-5 оңай сө­зді айт­пай­ды (бер, ал, ма­ма, қа­ра, пи, ав-ав...), қа­ра­пай­ым нұс­қа­у­лар­ды орын­дай ал­май­ды ("Қа­сық­ты бер", "Қо­лың­ды бұл­ға"). Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
1,5 жас
Естуі: бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы.
Сөй­ле­уі: 10-30 сөз айт­пай­ды (сө­зді­гі ұл­ғай­май­ды), екі сө­зден тұ­ра­тын сөй­лем­ді қол­дан­бай­ды және қа­ра­пай­ым нұс­қа­у­лар­ды орын­дай ал­май­ды ("Кі­тап­ты әкел", "Есік­ті жап"). Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
2 жас
Естуі: бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на неме­се 3 м қа­шық­тық­тан сы­быр­лап ай­ты­л­ған өз аты­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы (ба­ла ар­қа­сы­мен тұ­ра­ды).
Сөй­ле­уі: 50-ден аз сөз ай­та­ды (сө­зді­гі ұл­ғай­май­ды), үш сө­зден тұ­ра­тын сөй­лем­ді айт­пай­ды, екі са­ты­лы нұс­қа­у­лар­ды орын­дай ал­май­ды ("Шкаф­ты аш, қуыр­шақ­ты ал"). Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
2,5 жас
Естуі: бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на неме­се 3 м қа­шық­тық­тан сы­быр­лап ай­ты­л­ған өз аты­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы (ба­ла ар­қа­сы­мен тұ­ра­ды).
Сөй­ле­уі: үш және одан көп сө­зден тұ­ра­тын сөй­лем­ді айт­пай­ды, үш са­ты­лы нұс­қа­у­лар­ды орын­дай ал­май­ды ("Мын­да кел, қа­лам­ды ал, ма­ған бер"), буын­дар мен сө­здер­ді мү­ді­ріп, қай­та­лай бе­ре­ді. Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай
3 жас
Естуі: бот­қа са­лын­ған бан­ка­ның ды­бысы­на неме­се 3 м қа­шық­тық­тан сы­быр­лап ай­ты­л­ған өз аты­на ре­ак­ци­я­сы­ның бол­мауы (ба­ла ар­қа­сы­мен тұ­ра­ды).
Сөй­ле­уі: үш және одан көп сө­зден тұ­ра­тын сөй­лем­ді айт­пай­ды, буын­дар мен сө­здер­ді мү­ді­ріп, қай­та­лай бе­ре­ді, ар­ти­ку­ля­ци­яда кө­рі­ніп тұ­ра­тын қиын­дық­та­ры бар, сөй­лем­дер­дің ая­ғын дұ­рыс қол­дан­бай­ды. Ата-ана­сы­нан сұ­рау, мүм­кін бол­са – бай­қап қа­рау ке­зін­де тек­се­ру.
Бұл да со­лай

Қолданыстағы