Об утверждении Инструкции по осуществлению ветеринарно-санитарного контроля объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Инструкции по осуществлению ветеринарно-санитарного контроля объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля
- Атауы (қаз.)
- Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 554
- Қабылданған күні
- 28.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2014 AI48428_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005832_
- ЭКБ идентификаторы
- 48428
- Редакция идентификаторы
- AI48428_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:21
0 Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" заңының 8 бабының 36) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агороөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік инспекция комитеті (Сулейменов С.И.) облыстық, Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп осы бұйрықтан туындайтын керекті шараларды қабылдасын.
3 3. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаменті (Тоқсеитова Р.Ә.) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық–санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2009 жылғы 28 қыркүйектегі
N 554 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық–санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық
1 1. Жалпы ереже
1 1. Осы Мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Нұсқаулық жануарлар текті өнімдерді және шикізаттарды дайындауды (союды), қайта өңдеуді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде сонымен қатар карантиндік аумақта және жануарлардың, құстардың аса қауіпті ауруларынан таза емес аумақтарда өзге де нысандағы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспектордың (бұдан әрі – Инспектор) іс-әрекетін анықтайды.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарын жүргізген кезде жеке кәсіпкерлік субъектісін алдын ала хабардар ету және өз құзыреті шегінде құқықтық статистика және арнаулы есеп саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда тіркеу талап етілмейді.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының түріне қарай оның қорытындылары бойынша бұзушылық анықталған жағдайда жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылық туралы істі қозғамастан, бірақ оған бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды материалдар (анықтама, нұсқама және қорытынды) жасалуы мүмкін.
2 2. Ветеринариялық-санитариялық бақылауды тексеру нысанында жүргізу Қазақстан Республикасының "Жеке кәсіпкерлік туралы", "Ветеринария туралы" заңдары бекіткен тәртіпте жүргізіледі.
3 3. Инспектор мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық объектілерге (бұдан әрі – бақылау объектісі) бақылау жүргізгенде (инспектирования):
ветеринариялық (ветерианриялық-санитарлық) ережелер және нормалар, тамақ қауіпсіздігі саласындағы заңнамалар;
ветеринария саласы және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық ережелері мен нормалары;
тағамның мінездемесін анықтау;
өндіріс технологиясы;
нормативтік құқықтық актімен бекітілген бойынша өнімнен сынама алу тәсілі және зерттеу, өлшем әдістемесі;
шикізат, материалдар және ыдыстардың кіргендігін бақылауды ұйымдастыру;
технологиялық процесстердің барлық сатысында өнімнің өндірістік бақылауын ұйымдастыру;
дезинфекция, дератизация, дезинсекция әдістемелері;
тексеру (инспекция) қорытындысын құжатпен рәсімдеу бойынша білімі болуы керек.
4 4. Тексеру объектісіне келгеннен кейін инспектор:
қызмет түрі, кәсіпорын сызбасы жоспары, өндірістің технологиялық сызбасына;
өндіріс көлемі және өнімді сатуға;
өндірілген өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өндірістік (мемлекеттік) бақылаудың жүргізілуі және барлығына;
тексеру объектісінің орналасқан әкімшілік аумағының және шикізат аймағының эпизоотиялық тазалығына;
ғимарат аумағының жоспары және тексеру объектісінің технологиялық бөлмелерінің ұсынылған құжатқа сәйкестігіне;
ұсынылған есеп, жүргізілген есептіліктің ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкестігіне қатысты құжаттарды қарап оқуды жүзеге асырады.