Достық ауылдық (селолық) округінде бірқатар көшелердің атауын өзгерту туралы
Қазақстан республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, аудан әкімдігі жанынан құрылған ономастикалық комиссияның 2009 жылғы 8 қазандағы N 3 хаттамасын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Достық ауылдық (селолық) округінде бірқатар көшелердің атауын өзгерту туралы от 22.10.2009 г. № 343 (Достық ауылдық (селолық) округінде бірқатар көшелердің атауын өзгерту туралы)
0
1
1. Достық ауылдық (селолық) округі, Достық ауылының келесі көшелерінің атаулары өзгертілсін:
1
1) Полевая көшесі - Болашақ;
2
2) Октябрьская көшесі - Желтоқсан;
3
3) Безымянная көшесі - Самал;
4
4) Пионерская көшесі - Бостандық;
5
5) Макаровский переулок - Алтын таң;
6
6) Чаганная көшесі - Шаған көшесі болып, қазақша транскрипцияда жазылсын.
2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өз бақылауыма аламын.