Құжат мәтініне өту

"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы

Өзге акт · № 30-4 · қабылданған 30.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48463/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 30-4 ·30.09.2009
26.11.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 30-4 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы
Атауы (қаз.)
"Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
30-4
Қабылданған күні
30.09.2009
Көрсетілген редакция
26.11.2009 · қолданыстағы AI48463_1.kaz
Соңғы өзгеріс
26.11.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09DH000128
ЭКБ идентификаторы
48463
Редакция идентификаторы
AI48463_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:20

0 "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 3-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. "Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және мысықтарды күтіп ұстау" Қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Жақыпов Бөлтірік Аусадықұлына және аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 "БЕКІТІЛДІ"

"Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 30 қыркүйектегі
"Еңбекшіқазақ ауданының елді
мекендерінде иттерді және
мысықтарды күтіп ұстау"
Қағидасын бекіту туралы"
N 30-4 шешімімен
Еңбекшіқазақ ауданының елді мекендерінде иттерді және
мысықтарды күтіп ұстау
Қағидасы

1 1. Иттерді және мысықтарды күтіп ұстайтын ұйымдар, мекемелер,

кәсіпорындар және жеке азаматтар:

1 1) қалаларда, елді мекендерде иттерді жекелеген оңаша қораларда (қаланған аулада, учаскеде, торлы қорада) ұстау және байлап ұстауға;

2 2) иттерді пәтерден, жекеленген оңаша қорадан көшеге, жалпы аулаға шығару үшін қарғы бау, тұмсық тор пайдалану. Иттерді қарғы баусыз, тұмсық торсыз тек отарларда, табындарда ұстауға рұқсат беріледі;

3 3) иттер, мысықтар ауырып қалған жағдайларда дереу мал дәрігерлік мекемеге хабарлау, ал адамды, малды ит қапқан, мысық тырнаған жағдайда - медициналық және мал дәрігерлік мекемелерге хабарлау;

4 4) мал дәрігерлік мамандарының талап етуі бойынша иттерді, мысықтарды қарауға, құтыру және басқа ауруларға қарсы сақтық егу жұмыстарын жүргізуге;

5 5) иттерді қала, селолық округтерінің мал дәрігерлік инспекторларының тізіміне тіркеу және тіркеу куәлігін (паспортын) алуы;

6 6) ит, мысық сатып алған және басқа қалаға, ауылға орын ауыстыратын азаматтар 5 күн ішінде мал дәрігерлік мекемеге өзгерістерді хабарлауы тиіс.

2 2. Иттерді сату, сатып алу, басқа аудандарға, облыстарға, мемлекеттерге апаратын жағдайда мал дәрігерлік құжат болу керек, құжатта ит құтыру ауруына 30 күн бұрын "егілген" деген белгі болу керек.

3 3. Қаланың, ауылдың ішінде, парктерде, алаңдарда, базарларда, қала көліктерінде кездесетін иесіз иттер, мысықтар (қарғы бауы, тұмсық торы болса да) қаңғыбас деп саналып, аулауға және атуға рұқсат беріледі.

4 4. Адамды, малды қапқан иттерді иелері жедел мал дәрігерлік мекемеге алып келіп тексертіп, 10 күнге дейін оқшау ұстауға тиіс. Ал ережені сақтамай иттерді бос жіберіп соның салдарынан адамды, малды екінші рет қапқан иттерді мал дәрігерлік инспекторлары шара қолдануға құқықты.

5 5. Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қолданыстағы