Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Күшін жойған
Қаулы
·№ 156
·
17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
- Атауы (қаз.)
- Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 156
- Қабылданған күні
- 26.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 24.05.2011 · қолданыстағы 48470_181358.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.05.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09TD000146
- ЭКБ идентификаторы
- 48470
- Редакция идентификаторы
- 48470_181358
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:11
0 Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі бойынша ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарының құтыру ауруына қарсы шектеу жариялау туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 339-II "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына, 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Забурын селолық округі Зинеден селосы Жастар көшесі тұрғындарының ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына екі ай мерзімге шектеу қойылсын.
2 2. Аудандық аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесіне (Х. Қабасов - келісім бойынша) ауданның барлық селолық округтерінде ауыл шаруашылығы малдары мен үй хайуанаттарына "құтыру" ауруына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу және сапалы жүргізілуін бақылауға алып отыру ұсынылсын.
3 3. Аудандық емхана әкімшілігі (Ғ. Қабделов - келісім бойынша) мен аудандық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (Ө. Шакесова - келісім бойынша) ауру малды бағып-күткен тұрғындарды дәрігерлік байқаудан өткізіп, сақтандыру шарасын алу ұсынылсын.
4 4. Забурын селолық округіне (Б. Құсайынов) селолық округ аумағындағы ауру таратушы болып есептелетін бұралқы ит, мысықтарды жоюдың барлық шарасын алу, тұрғындар арасында сақтық, түсінік жұмыстарын жүргізу міндеттелсін.
5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
6 6. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Аудандық аумақтық инспекциясы
бастығының міндетін атқарушы
М. Жағпаров
23.10.2009 ж.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық
қадағалау басқармасының бастығы
Ө. Шакесова
23.10.2009 ж.