Құжат мәтініне өту

Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қаулы · № 276 · қабылданған 19.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48474/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 276 ·19.10.2009
02.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 276 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
276
Қабылданған күні
19.10.2009
Көрсетілген редакция
02.03.2010 · қолданыстағы 48474_217520.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZF000094
ЭКБ идентификаторы
48474
Редакция идентификаторы
48474_217520
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:15

0 Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режимді және шектеу іс-шараларын енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының 2009 жылғы 9 қазандағы N 673 ұсынысына сәйкес, бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округтерде тұрғындарды бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына, 27 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2002 жылғы N 369 бұйрығының N 2 қосымшасына сай аудан аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары туындауына байланысты, Жәнібек ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының міндетін атқарушысының ұсынысы бойынша ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруының тіркелуі бойынша Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің аумақтарына карантиндік режим және шектеу іс-шаралары енгізілсін.

2 2. Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы, Жәнібек ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, "Жәнібек аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты ауылдық округтерінің әкімдерімен бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру санитарлық және арнайы мал дәрігерлік шараларын уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап күшіне және қолданысқа енгізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Есенғалиевке жүктелсін.

6 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 19 қазандағы
N 276 қаулысына қосымша
Жәнібек ауданының Күйгенкөл, Ұзынкөл, Қамысты
ауылдық округтері бойынша ірі қара малдарын
бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді
жоспары
р/с
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Жауапты адам
1. Ұйымдастыру-шаруашылық шаралар
1
Аудан көлемінде осы жоспардағы шаралардың іске асыруларын қадағалап ұйымдастыру
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі,
ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
2
Малдың өсірілуі, азықтандыру мен өсіру жағдайы, жұмысты ұйымдастыруын қорғау, ветеринариялық және санитарлық білімдерді насихаттау
Үнемі
Ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мемлекеттік вет.инспекторлары
3
Халық арасында бруцеллез ауруының қаупі және оның алдын–алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу
Үнемі
Ауылдық округ әкімдері, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, мемлекеттік вет.инспекторлары
2. Ветеринариялық-санитариялық шаралар
1
Аурудан таза емес пункттерді сауықтыру
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
2
Аурудан таза емес мал басын жою,және оларды сау малдармен алмастырмау
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мемлекеттік вет.инспекторлары, мал иелері
3
Жүйелі диагностикалық тексеру, ауруға шыққан малдарды оқшаулау және етке сою
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
Аудандық ветеринариялық зертхана, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мал иелері
4
Оң нәтиже берген малдарды тез арада табыннан оқшаулау және оларды айқындаған уақытынан бастап 5 күн ішінде етке сою. Ауру мал тұрған қораларға дезинфекция жүргізу, әрбір ауру мал анықталған соң
5 күн ішінде
Ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, мемлекеттік вет.инспекторлары, мал дәрігер- лицензиаттар, мал иелері
5
Бруцеллезбен ауырған немесе оған күдікті малдардан көнің, төсенішін және жем шөп қалдықтарын жою немесе залалсыздандыру
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
мемлекеттік вет.инспекторлары, мал дәрігер- лицензиаттар, мал иелері.
6
Шектеу шарттары бойынша:
1. Шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға, айдап өтуге, енгізуге, сыртқа шығаруға, тек олады етке союға жіберген жағдайдан басқа.
2. Індет ошағы айқындалған аурудан таза емес аумақтан басқа аумаққа әкетуге, шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сондай-ақ мал және адамдардың жиналуына байланысты шаралар жүргізуге
Карантиндік режим және шектеу мерзімінде
Аудандық ішкі істер бөлімі, ауылдық округ әкімдері, аудандық ауыл шаруашылық бөлімі, аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, ҚР АШМ АӨК МИК Жәнібек аудандық аумақтық инспекциясы
7
Қатарынан екі рет теріс нәтижелер алынғаннан кейін, аурудан таза емес пунктерге барлық мал басы 3 айлық бақылауға қою, арасына 1,5 ай салып диагностикалық зеттеулермен тексеру,кейін шектеуді алу жөнінде аудан әкіміне ұсыныс беру
Аумақ сауықтырылғаннан соң
Аудандық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы, аудандық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы

Қолданыстағы