О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 873
- Қабылданған күні
- 21.09.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.05.2018 48477_341918.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U090000873_
- ЭКБ идентификаторы
- 48477
- Редакция идентификаторы
- 48477_341918
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:23
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
2
3 3) "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы N 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 33, 322-құжат; 2005 ж., N 30, 383-құжат, 2008 ж. N 38, 404-құжат):
1-тармақтағы "2013 жылғы 1 қазанға" деген сөздер "2028 жылғы 1 қаңтарға" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөлімінде "342,9" деген - цифрлар "163,02" деген цифрлармен ауыстырылсын;
4 және 14-тармақтардағы "1996 жылғы 26 қаңтардағы" деген сөздер "2007 жылғы 6 шілдедегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4 4) "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі"
арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 47, 560-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екінші бөліміндегі "1787,4" деген цифрлар "3475,9" деген цифрлармен ауыстырылсын;
2 және 3-тармақтардағы "және аралас өндірістер", ", іліспе және аралас өндірістер", ", ілеспе және аралас өндірістерді", ", іліспе, аралас өндірістер мен технологиялар" деген сөздер тиісінше "өндірістердің", "өндірістерін", "өндірістерін", "өндірістері мен технологияларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
7-тармақта:
екінші сөйлем алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сыртқы инфрақұрылым объектілері (кірме автомобиль жолы, кірме темір жол, құбыржолдар, электр беру желілері) құрылыс кезеңіне уақытша (жылжымалы) қоршаулармен жабдықталады. Құрылыс аяқталғаннан кейін сыртқы инфрақұрылым объектілері тең аралықтар арқылы "Кедендік бақылау аймағы" деген тану белгілерімен белгіленеді.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге қосымша осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі үш ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 873 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 жылғы
18 тамыздағы N 1166 Жарлығымен
бекітілген "Ақпараттық
технологиялар паркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге жоспар
"Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
(Жалпы S = 163,02 гектар)
2 "Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2009 жылғы 21 қыркүйектегі
N 873 Жарлығына
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы
19 желтоқсандағы N 495 Жарлығымен
бекітілген "Ұлттық индустриялық
мұнай-химия технопаркі" арнайы
экономикалық аймағы туралы ережеге
ҚОСЫМША
"Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары