Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций

Бұйрық · № 264 · қабылданған 29.09.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48480/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций Күшін жойған Бұйрық ·№ 264 ·29.09.2009
06.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций

Күшін жойған Бұйрық ·№ 264 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил покупки электрической энергии у квалифицированных энергопроизводящих организаций
Атауы (қаз.)
Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
264
Қабылданған күні
29.09.2009
Көрсетілген редакция
06.03.2013 AI48480_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005841_
ЭКБ идентификаторы
48480
Редакция идентификаторы
AI48480_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:20

0 Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесін бекіту туралы

"Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережеcі бекітілсін.

2

2. Электр энергетикасын және көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры (Н.Б. Бертісбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет мининистрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және кейіннен оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агентігінің төрағасы
___________ Н. Алдабергенов
2009 жылғы 01 қазан

0 Энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің
2009 жылғы 29 қыркүйектегі
N 264 бұйрығымен
бекітілген
Энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу ережесі (бұдан әрі – Ереже) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік электр желілері компаниялары мен жүйелік оператордың электр энергиясын беру және тарату кезіндегі нормативтік шығасыларын жабу үшін энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібін.

2 2. Осы Ережеде пайдаланылған басқа ұғымдар мен анықтамалар Заңда және "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі заңдарына сәйкес қолданылады.

3 3. Білікті энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алудың, сондай-ақ электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудың жалпы тәртібі Заңның 9-бабында белгіленген.

2 2. Өңірлік электр желілері компанияларының, жүйелік оператордың нормативтік электр энергиясының өтемақысына энергия өндіруші білікті ұйымдардан электр энергиясын сатып алу тәртібі

4 4. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын жеткізудің басталуына дейін 1 айдан кешіктірмей электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасу үшін тиісті өңірлік электр желілік компанияға және (немесе) жүйелік операторға өтініш береді.

5 5. Энергия өндіруші білікті ұйым электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасуға арналған өтінімге мынадай материалдар мен құжаттарды береді:

1 1) Энергия өндіруші білікті ұйымның басшысы қол қойған электр энергиясын сатып алу-сату шартының жобасы;

2 2) белгіленген тәртіппен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің көшірмесі;

3 3) жеткізілетін электр энергиясының көлемі, сату мерзімдері, және жеткізілім бағасы, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемесінде белгіленген жаңартылатын энергия көздерін салу жобасының өтелімділік мерзімдері туралы ақпарат;

4 4) электр энергиясын өндіруге арналған лицензияның көшірмесі.

6

6. Электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасауға арналған өтінімді Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды. Өтінімді қараудың нәтижесі бойынша Жүйелік оператор, өңірлік электр желілік компаниялар энергия өндіруші білікті ұйыммен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасады, не энергия өндіруші білікті ұйымға электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартатыны туралы хабарлайды.

7 7. Электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасудан бас тарту себептері:

1 1) осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбау;

2 2) жалған ақпаратты қамтитын құжаттарды ұсынуы болып табылады.

Қолданыстағы