Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Бұйрық · № 493 · қабылданған 05.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48506/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей Күшін жойған Бұйрық ·№ 493 ·05.10.2009
23.09.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей

Күшін жойған Бұйрық ·№ 493 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня медицинских противопоказаний к помещению детей в дом ребенка и организации образования, организации для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
Атауы (қаз.)
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
493
Қабылданған күні
05.10.2009
Көрсетілген редакция
23.09.2020 48506_483031.kaz
Соңғы өзгеріс
23.09.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005845_
ЭКБ идентификаторы
48506
Редакция идентификаторы
48506_483031
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:18

0 Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылы 18 қыркүйектегі Кодексінің 89-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4

4. "Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымдарына, жетім балалар мен ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға орналастыруға медициналық қарсы айғақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі N 376 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4398 тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 1 қарашадағы N 191 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 5 қарашадағы
N 493 бұйрығымен бекітілген
Балаларды балалар үйіне және білім беру ұйымына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымға орналастыруға медициналық қарсы айғақтар тізбесі

1 1. Жіті жұқпалы аурулар

2 2. Туберкулез (белсенді туберкулездің кез-келген нысаны)

3 3. Алапес

4 4. Стационарлық емдеуді талап ететін мерез (белсенді нысаны)

5 5. Жұқпалы тері аурулары

6 6. Стационарлық емдеуді талап ететін орталық жүйке жүйесінің жіті аурулары

7 7. Стационарлық емдеуді талап ететін нәрленудің ауыр бұзылулары

Қолданыстағы