Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок

Қаулы · № 1755 · қабылданған 04.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48548/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок Күшін жойған Қаулы ·№ 1755 ·04.11.2009
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок

Күшін жойған Қаулы ·№ 1755 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок
Атауы (қаз.)
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1755
Қабылданған күні
04.11.2009
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI48548_6.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001755_
ЭКБ идентификаторы
48548
Редакция идентификаторы
AI48548_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:05

0

Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 4 қарашадағы
N 1755 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген.

2

2. Осы Ереже жануарларды өсіруді, жануарлардан алынатын шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға (бұдан әрі - өндіріс объектісі) есептік нөмірлер беру тәртібін белгілейді.

3 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

ведомство – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - ведомство);
ведомствоның аумақтық бөлімшелері – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі (облыстың, республикалық маңыздағы қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық инспекциялары;
есептік нөмір - өндіріс объектісінің қызмет түрі мен нөмірін қамтитын код;
айналым - жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын әкелуді (импорттауды) және әкетуді (экспорттауды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, өткізу (сату немесе жеткізіп беру) үдерістері (сатылары), сондай-ақ оларға байланысты өлшеп орау, буып-түю, таңбалау, сақтау және тасымалдау үдерістері.

4 4. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер берілуге тиіс.

5

5. Ветеринариялық құжаттарда және (немесе) өнімді (тауарды) таңбалауда өндіріс объектісіне берілген есептік нөмір көрсетілген жағдайда ғана жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тасымалдауға (олардың айналымына) рұқсат етіледі.

6 6. Есептік нөмір осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес айқындалатын ел кодын, облыстың литерлік кодын, ауданның реттік нөмірін және қызмет түрінің кодын, сондай-ақ өндіріс объектісінің реттік нөмірін қамтиды.

Өндіріс объектісінің реттік нөмірі өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге өтініштің ведомствоның аумақтық бөлімшесінде тіркелу кезегіне сәйкес анықталады.
Есептік нөмір сою алаңдарын қоспағанда өндіріс объектісі қызметінің бүкіл кезеңіне беріледі.
Сою алаңдарына есептік нөмірлер бір жыл мерзімге беріледі және осы өңірде етті қайта өңдеу кәсіпорындары немесе сою пункттері салынғанға дейін жыл сайын расталуға тиіс.
Экспортты жүзеге асырушы өндіріс объектілерінің есептік нөміріне осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Е" символы қосымша енгізіледі.

7 7. Өндіріс объектісіне есептік нөмірді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық бөлімшесі береді.

8 8. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындынегізінде жүзеге асырылады.

Экспорт жүзеге асырылған жағдайда өндіріс объектісі қосымша экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сай болуы қажет.

9 9. Өндіріс объектісіне есептік нөмір беруге арналған қорытындыны ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы береді.

10

10. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беруге арналған ветеринариялық-санитарлық қорытынды беруді республикалық маңызы бар қаланың және астананың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары жүзеге асырады.

11 11. Ведомство есептік нөмірлер берілген өндіріс объектілерінің тізілімін (бұдан әрі — тізілім) жүргізеді.

2 2. Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру тәртібі

12 12. Есептік нөмір беру үшін өтінуші - өндіріс объектісі ведомствоның тиісті аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - аудандық бөлімше), ведомствоның республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесіне:

1 1) есептік нөмір беруге өтініш;

2 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі*;

ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

3 3) өндіріс объектісінің қызмет түрі, өндірілетін өнімнің көлемі мен түрі туралы еркін нысанда жасалған, өтінуші - өндіріс объектісінің мөрімен және қолымен бекітілген ақпаратты ұсынады.

13 13. Аудандық бөлімше өтініш түскен күнінен бастап 5 жұмыс күннен аспайтын мерзімде:

1 1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;

2 2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысанда және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;

3 3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытындының негізінде аудандық бөлімше:
ведомствоның облыстық аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі - облыстық бөлімше) есептік нөмір беруге сұрау мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыны жолдайды;
өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды.

14 14. Облыстық бөлімше есептік нөмір беруге арналған құжаттар пакеті түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

1 1) өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы сұрауды тіркейді;

2 2) өндіріс объектісіне есептік нөмір береді;

3 3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растауды (бұдан әрі - растау) ресімдейді және оны аудандық бөлімшеге жібереді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жібереді.

15 15. Аудандық бөлімше растау түскен сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жібереді немесе қолына береді.

16 16. Ведомствосының Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде:

1 1) ұсынылған құжаттар мен ақпараттың толықтығын тексереді;

2 2) ветеринария саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен есептік нөмір беруге өтінішті тіркеу журналында тіркейді;

3 3) өндіріс объектісін ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі мәніне тексеруді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруді жүзеге асырады.

17 17. Ведомствоның Республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аумақтық бөлімшесі ұсынылған құжаттар мен ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық қорытынды негізінде:

өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы шешім қабылдайды не өтінуші - өндіріс объектісіне жазбаша түрде есептік нөмір беруден дәлелді бас тартуды жолдайды;
осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша растауды ресімдейді және оны өтінуші - өндіріс объектісінің заңды мекен-жайына жолдайды немесе қолына береді, ал көшірмесін өндіріс объектісін тізілімге енгізу үшін ведомствоға жолдайды.

18 18. Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтінуші — өндіріс объектісіне есептік нөмір беруден мынадай жағдайларда бас тартады:

1 1) өтінуші - өндіріс объектісі осы Ереженің 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық ұсынбаған;

2 2) өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген (және бұған қоса, экспорттаушы болып табылатын өтінуші - өндіріс объектілері үшін экспорт жүзеге асырылатын елдің ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарына сәйкес келмеген).

19 19. Ведомство растау көшірмесінің негізінде өндіріс объектісін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.gov.kz ресми сайтына орналастырылатын тізілімге енгізеді.

20 20. Өндіріс объектісі растауды жоғалтқан, бүлдірген жағдайда, оған растауды берген ведомствоның аумақтық бөлімшесіне растаудың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.

Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде растаудың телнұсқасын беруді жүргізеді.

21 21. Атауы және/немесе ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, өндіріс объектісі бір ай ішінде ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса өндіріс объектісінің есептік нөмірін қайта ресімдеуге өтініш береді.

Егер жоғарыда көрсетілгендер өндіріс объектісінің жүзеге асыратын қызмет түрінің өзгеруіне әкеп соқпаса, онда ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде растауды қайта ресімдейді.
Қызмет түрі өзгерген жағдайда өндіріс объектісі осы Ережеге сәйкес есептік нөмір беру рәсімінен қайтадан өтеді.

22

22. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұрын берілген бірдейлендіру кодын беру және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растау осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес анықталатын есептік нөмір беру жолымен қайта ресімделуге (бұдан әрі - қайта ресімдеу) тиіс.
Өндіріс объектісі қайта ресімдеу үшін бұрын берілген бірдейлендіру кодын және мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тіркеу нөмірін беру туралы растаумен қоса, ведомствоның тиісті аумақтық бөлімшесіне өтініш жібереді.
Ведомствоның аумақтық бөлімшесі өтініш тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қайта ресімдеуді жүргізеді.

23 23. Есептік нөмір беру мерзімі бұзылған, сондай-ақ оны беруден негізсіз бас тартылған жағдайда, өтінуші - өндіріс объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік нөмірлерді беруге жауапты адамдардың іс-әрекетіне шағымдануға құқылы.

1-1 Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың бекітілген кодтары

Ережеге 1-қосымша
Өндіріс объектілеріне есептік нөмірлер беру үшін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың бекітілген кодтары
Рет­тік
N
ко­ды
Об­лы­стар­дың/аудан­дар­дың ата­уы
1
2
3
1
C
Ақ­мо­ла об­лы­сы
2
01
Ақ­көл
3
02
Ар­ша­лы
4
03
Аст­ра­хан
5
04
Ат­ба­сар
6
05
Бұ­лан­ды
7
06
Көк­ше­тау қ.
8
07
Степ­но­горск қ.
9
08
Егін­ді­көл
10
09
Ең­бек­ші
11
10
Ерей­мен­тау
12
11
Есіл
13
12
Жақ­сы
14
13
Жар­қай­ың
15
14
Зе­рен­ді
16
15
Қор­ғал­жын
17
16
Сан­дық­тау
18
17
Це­ли­но­град
19
18
Шор­тан­ды
20
19
Щу­чье
21
B
Ал­ма­ты об­лы­сы
22
01
Ақ­су
23
02
Ала­көл
24
03
Бал­қаш
25
04
Ең­бек­ші­қа­зақ
26
05
Ес­кел­ді
27
06
Жам­был
28
07
Іле
29
08
Қа­ра­сай
30
09
Қа­ра­тал
31
10
Кер­бұ­лақ
32
11
Көк­су
33
12
Пан­фи­лов
34
13
Рай­ым­бек
35
14
Сар­қант
36
15
Тал­ғар
37
16
Ұй­ғыр
38
17
Қап­ша­ғай қ.
39
18
Тал­ды­қор­ған қ.
40
19
Те­ке­лі қ.
41
D
Ақ­тө­бе об­лы­сы
42
01
Әй­те­ке би
43
02
Ал­ға
44
03
Бай­ға­нин
45
04
Ақ­тө­бе қ.
46
05
Ыр­ғыз
47
06
Қар­ға­лы
48
07
Мәр­төк
49
08
Мұ­ғал­жар
50
09
Те­мір
51
10
Ой­ыл
52
11
Қоб­да
53
12
Хром­тау
54
13
Шал­қар
55
E
Аты­рау об­лы­сы
56
01
Аты­рау қ.
57
02
Жы­лыой
58
03
Ин­дер
59
04
Ис­а­тай
60
05
Қы­зыл­қо­ға
61
06
Құр­ман­ға­зы
62
07
Ма­қат
63
08
Ма­хам­бет
64
F
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
65
01
Өс­ке­мен қ.
66
02
Ая­гөз қ.
67
03
Зы­ря­новск қ.
68
04
Кур­ча­тов қ.
69
05
Се­мей қ.
70
06
Рид­дер қ.
71
07
Абай
72
08
Ая­гөз
73
09
Бес­қа­ра­ғай
74
10
Бо­ро­ду­ли­ха
75
11
Глу­бо­кое
76
12
Жар­ма
77
13
Зай­сан
78
14
Зы­рян
79
15
Ка­тон-Қа­ра­ғай
80
16
Көк­пек­ті
81
17
Күр­шім
82
18
Тар­ба­ға­тай
83
19
Ұлан
84
20
Үр­жар
85
21
Ше­мо­наи­ха
86
H
Жам­был об­лы­сы
87
01
Бай­зақ
88
02
Жам­был
89
03
Жу­а­лы
90
04
Қор­дай
91
05
Мер­ке
92
06
Мой­ын­құм
93
07
Т.Рыс­құ­лов
94
08
Са­ры­су
95
09
Та­лас
96
10
Шу
97
11
Та­раз қ.
98
L
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы
99
01
Ақ­жай­ық
100
02
Бе­кей­ор­да
101
03
Бөр­лі
102
04
Жа­ңа­қа­ла
103
05
Жәні­бек
104
06
Зе­ле­нов
105
07
Қазта­лов
106
08
Қа­ра­т­ө­бе
107
09
Сы­рым
108
10
Тас­қа­ла
109
11
Те­ректі
110
12
Шың­ғыр­лау
111
13
Орал қ.
112
P
Қо­ста­най об­лы­сы
113
01
Ал­тын­са­рин
114
02
Аман­кел­ді
115
03
Әу­лие­көл
116
04
Де­ни­сов­ка
117
05
Жан­гел­ді
118
06
Жі­ті­қа­ра
119
07
Қа­мысты
120
08
Қа­ра­ба­лық
121
09
Қа­ра­су
122
10
Қо­ста­най
123
11
Мең­ді­қа­ра
124
12
На­уры­зым
125
13
Са­ры­көл
126
14
Та­ра­нов
127
15
Ұзын­көл
128
16
Фе­до­ров
129
17
Қо­ста­най қ.
130
18
Ар­қа­лық қ.
131
19
Ли­са­ковск қ.
132
20
Руд­ный қ.
133
M
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы
134
01
Абай
135
02
Ақ­то­ғай
136
03
Бұ­хар-Жы­рау
137
04
Жа­ңа­ар­қа
138
05
Қар­қа­ра­лы
139
06
Нұ­ра
140
07
Оса­ка­ров
141
08
Ұлы­тау
142
09
Шет
143
10
Қа­ра­ған­ды қ.
144
11
Бал­қаш қ.
145
12
Жез­қаз­ған қ.
146
13
Қа­ра­жал қ.
147
14
При­озерск қ.
148
15
Са­ран қ.
149
16
Сәт­па­ев қ.
150
17
Те­мір­тау қ.
151
18
Шах­тинск қ.
152
N
Қы­зы­лор­да об­лы­сы
153
01
Арал
154
02
Қа­за­лы
155
03
Қар­мақ­шы
156
04
Жа­ла­ғаш
157
05
Сыр­да­рия
158
06
Ши­е­лі
159
07
Жа­ңа­қор­ған
160
08
Қы­зы­лор­да қ.
161
09
Бай­қо­ңыр қ.
162
R
Маң­ғы­стау об­лы­сы
163
01
Бей­неу
164
02
Қа­ра­қия
165
03
Маң­ғы­стау
166
04
Түп­қа­ра­ған
167
05
Ақ­тау қ.
168
06
Жа­ңа­ө­зен қ.
169
07
Мұ­най­лы
170
S
Пав­ло­дар об­лы­сы
171
01
Пав­ло­дар қ.
172
02
Ақ­су қ.
173
03
Екі­ба­стұз қ.
174
04
Ақ­то­ғай
175
05
Ба­я­на­уыл
176
06
Же­ле­зин­ка
177
07
Ер­тіс
178
08
Қа­шыр
179
09
Ле­бя­жье
180
10
Май
181
11
Пав­ло­дар
182
12
Успен
183
13
Шар­бақ­ты
184
T
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
185
01
Ай­ыр­тау
186
02
Ақ­жар
187
03
Ақ­қай­ың
188
04
Есіл
189
05
Жам­был
190
06
М. Жұ­ма­ба­ев
191
07
Қы­зы­л­жар
192
08
Мам­лют
193
09
Ғ. Мү­сі­ре­пов
194
10
Тай­ын­ша
195
11
Ти­ми­ря­зев
196
12
Уә­ли­ха­нов
197
13
Шал ақын
198
14
Пет­ро­павл қ.
199
X
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы
200
01
Арыс
201
02
Бәй­ді­бек
202
03
Қазығ­ұрт
203
04
Мақ­та­арал
204
05
Ор­даб­а­сы
205
06
Оты­рар
206
07
Сай­рам
207
08
Са­рыа­ғаш
208
09
Со­зақ
209
10
Тө­ле­би
210
11
Түл­кі­бас
211
12
Шар­да­ра
212
13
Шым­кент қ.
213
14
Арыс қ.
214
15
Түр­кі­стан қ.
215
16
Кен­тау қ.
216
А
Ал­ма­ты қ.
217
01
Ала­тау
218
02
Ал­ма­лы
219
03
Әу­е­зов
220
04
Бо­стан­дық
221
05
Же­ті­су
222
06
Ме­деу
223
07
Тү­ріксіб
224
Z
Аста­на қ.
225
01
Ал­ма­ты
226
02
Есіл
227
03
Са­ры­ар­қа
Өндіріс объектілерінің қызмет түрінің кодтары
Рет­тік
N
Қыз­мет тү­рі
Ко­ды
1
Жа­ну­ар­лар мен құс өсі­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­рі
K
2
Жа­ну­ар­лар­ды дай­ын­да­уды (со­ю­ды) және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­рі:
ет­ті қай­та өң­де­у­ші кә­сі­по­рын­дар;
сою пункт­те­рі;
сою алаң­да­ры;
құ­сты қай­та өң­де­у­ші кә­сі­по­рын­дар
U1
U2
U3
U4
3
Жа­ну­ар­лар­дан алы­на­тын өнім­дер мен ши­кі­затты қай­та өң­де­уді жү­зе­ге асы­ра­тын өн­ді­ріс объ­ек­ті­ле­рі:
ет;
ба­лық және ба­лық өнім­де­рі;
бал және ара ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі;
жа­ну­ар­лар­дан алы­на­тын ши­кі­зат
G1
G2
G3
G4
4
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды сақ­та­уды және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын объ­ек­ті­лер
Y
5
Ве­те­ри­на­ри­я­лық пре­па­рат­тар­ды өн­ді­ру­ді және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын объ­ек­ті­лер
V
6
Жа­ну­ар­лар­дан алы­на­тын өнім­дер мен ши­кі­затты сақ­та­уды жү­зе­ге асы­ра­тын объ­ек­ті­лер
W
7
Жем­шөп пен жем­шөп қо­с­па­ла­рын өн­ді­ру­ді, сақ­та­уды және өт­кі­зу­ді жү­зе­ге асы­ра­тын объ­ек­ті­лер
O
Ескертпе:
Есептік нөмір белгілерден құралады және мынадай құрылымы бар:
бірінші белгі - елдің коды - КZ;
екінші белгі - облыстың литерлік коды;
үшінші белгі - ауданның реттік нөмірі;
төртінші белгі - өндіріс объектісінің қызмет түрінің коды;
бесінші белгі - өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
алтыншы белгі - Е (экспорттаушылар үшін).
Мысалы: КZ С.01/G1-0001/Е
КZ - елдің коды;
С - облыстың литерлік коды;
01 — ауданның коды (реттік нөмірі);
G1 - өндіріс объектісінің қызмет түрі;
0001 — өндіріс объектісінің реттік нөмірі;
Е — экспорттаушы.

1-2 Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства

Ережеге
2 қосымша/
Приложение 2
к Правилам
Өндіріс объектісіне есептік нөмір беру туралы растау/подтверждение о присвоении учетного номера объекту производства
Осы растау/Настоящее подтверждение выдано_________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/полное наименование юридического лица)
бойынша қызметті жүзеге асырушы/осуществляющему деятельность по
__________________________________________________________________
(қызмет түрін көрсету /указать вид деятельности)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы "___"______ N қаулысымен бекітілген жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне сәйкес оған 2009 жылғы "___"________ N есептік нөмір берілгендігі жөнінде берілді/в том, что в соответствии с Правилами присвоения учетных номеров объектам производства, осуществляющим выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также организациям по производству, хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от "___"___ 2009 г. N____, ему присвоен учетный номер ________ от "___" _____ 20 ____ г.
Басшы/Руководитель __________________ ________________________
(Т.А.Ә/Ф.И.О.) (қолы/подпись)
М.О/М.П.
"___" _______ 20___ ж./г.

Қолданыстағы