Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил отнесения лекарственных средств к рецептурному или безрецептурному отпуску

Бұйрық · № 551 · қабылданған 21.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48580/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил отнесения лекарственных средств к рецептурному или безрецептурному отпуску Күшін жойған Бұйрық ·№ 551 ·21.10.2009
06.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил отнесения лекарственных средств к рецептурному или безрецептурному отпуску

Күшін жойған Бұйрық ·№ 551 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил отнесения лекарственных средств к рецептурному или безрецептурному отпуску
Атауы (қаз.)
Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
551
Қабылданған күні
21.10.2009
Көрсетілген редакция
06.06.2012 AI48580_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005850_
ЭКБ идентификаторы
48580
Редакция идентификаторы
AI48580_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:13

0 Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 69-бабына сәйкес және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) рецептімен немесе рецептісіз беруге жататын дәрілік заттардың тиістілігі туралы деректерді "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тіркелімі" деректер базасына енгізуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауға жіберсін.

4 4. Мыналардың:

1

1) "Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттарды анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өндірісі комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 ақпандағы N 26 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде N 2734 тіркелген, "Ресми газеті" газетінде 2004 жылғы 30 сәуірдегі N 18 (175) жарияланған);

2

2) "Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттарды дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 443 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде N 4432 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы N 201 (1181) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

11 Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 21 қазандағы
N 551 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі

1 1. Осы Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және дәрілік қаттарды беруге (сатуға) қатысты бірыңғай тәсілді қабылдау мақсатында әзірленді.

2

2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында пайдаланылатын вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда дәрігердің рецептімен немесе рецептісіз беруге жататын дәрілік заттар осы Ережеде белгіленген өлшемдерге сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үдерісінде белгіленеді.
Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу өлшемдері мыналарды ескере отырып, белгіленеді:

1 1) препараттың фармакологиялық сипаты;

2 2) адам ағзасына қарсы әсері; V090005910

3 3) токсикологиялық сипаттамасы (терапиялық және уыттылық мөлшері).

3 3. Дәрігердің рецептімен беруге жататын дәрілік заттарға:

1 1) одан әрі тағайындау мен қабылдау дәрігердің тұрақты бақылауымен жүргізілуі қажет дәрілік заттар;

2

2) Есірткі құралдары, психотроптық заттар, пекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс тұтынуға қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарынан, психотроптық заттар мен прекурсорлардан тұратын дәрілік заттар;

3 3) медициналық бақылаусыз оны қабылдау кезінде тұтынушының денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар;

4 4) құрамында әрі қарай зерделеуді қажет ететін заттары, әсері және/немесе кері әсері бар дәрілік заттар;

5 5) тек стационар жағдайында ғана қолданылатын дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық дәрілік заттар;

6 6) дәрігердің рецепті бойынша берілетін дәрілік заттардың тізбесіне шығарушы елдерге тиісті дәрілік заттар;

7 7) парентералдық салуға арналған дәрілік препараттар жатады.

4 4. Дәрігердің рецептінсіз берілетін дәрілік заттарға:

1 1) осы Ереженің 3-тармағына енбейтін дәрілік заттар;

2 2) ұрпақты болу уыттылығы, гендік уыттылық және канцерогендігі жоқ дәрілік заттар;

3

3) құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жатпайтын және бұл заттарды асыра пайдалану үшін жеңіл тәсілмен препараттан жеткілікті мөлшерде қол жеткізу үшін бөліп алу мүмкін болмайтын көп құрамды дәрілік заттар жатады.

Қолданыстағы