Қолданыстағы ред. 02.10.2009

Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы от 02.10.2009 г. № 8 (Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы)

0

Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңақазан ауылының тұрғындарының 2005 жылдың 23 желтоқсандағы N 3, 2006 жылдың 6 қаңтардағы Жаңақылы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 1 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Жаңақазан ауылындағы Новостройка көшесі - Нәсіпқали Бекесов, Степная көшесі – Бисекеш Дәулетов, Октябрьская көшесі – Бақтығали Уәлиев, Почтовая көшесі – Рақым Құдайбергенов, Коммунальная көшесі - Есенғали Лепесов, Озерная көшесі – Тілекқабыл Суханқұлов болып атаулары өзгертілсін.

2

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.