Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақазан ауылының көшелерінің атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып Жаңақазан ауылының тұрғындарының 2005 жылдың 23 желтоқсандағы N 3, 2006 жылдың 6 қаңтардағы Жаңақылы аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 1 хаттамаларын қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңақазан ауылындағы Новостройка көшесі - Нәсіпқали Бекесов, Степная көшесі – Бисекеш Дәулетов, Октябрьская көшесі – Бақтығали Уәлиев, Почтовая көшесі – Рақым Құдайбергенов, Коммунальная көшесі - Есенғали Лепесов, Озерная көшесі – Тілекқабыл Суханқұлов болып атаулары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.